Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағзаны токсиндерден тазарту өте қатерлі болып шықты

38 жастағы ер адам ағзадағы токсиндерге қарсы қабылдайтын магний сульфатын тұтынғаннан (магнезия) кейін бауырының зақымданғаны белгілі болған.

Бұл туралы Science Alert басылымы хабарлайды.

Емделуші магнезияны өт жолындағы тасты кетіру үшін пайдаланған. Алайда, оның жанама әсерлері қауіпті болуы мүмкін.

Магний сульфаты жүктілік талмасына қарсы немесе іш жүргізетін дәрілік зат болып табылады. Сондай-ақ магнезияның ағзадағы токсиндерге қарсылығы дәлелденбесе де, баламалы медицинада ағзаны қажетсіз қалдықтардан тазарту үшін де қолданылады.

Белгілі болғандай, емделуші екі апта бойы күн сайын 50 грамм магнезия ерітіндісін ішіп отырған. Ол өт жолдары кеңейіп, ағзадағы тастардың шығуын жеңілдетеді деп ойлаған. Емделу кезеңінің 12-ші күні емделушінің тамаққа деген тәбеті құрып, зәрі қарайып кеткен. Емделу курсы аяқталған соң екі күн өткенде оның терісі мен көзі сарғайған.

Дегенмен адамдардың көпшілігінде магнезияның жанама әсерлері құсу және іш өту, қан қысымы төмендеп, жүрегі қысылып, тынысы тарылу түрінде көрініс табады. Дәрігерлер емделуші ауруханаға жатқызылғаннан кейін бір ай өткенде ғана бауырдың қызметі қалпына келе бастағанан атап өтті.

Жіберіп алмаңыз:

Француз хирургтары 15 жыл бойы миы “өлі” күйде жатқан ер адамды оятты

Комада жатқан науқас аппаратын өшіретін кезде оянып кеткен

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцинаны жаппай егу басталады

Ғалымдар күйзелісті ұйқысыздықпен емдеуге болатынын айтты

Талқылау