Ағасы: Кезінде жұрт Айдана Меденованы мен арқылы ғана танитын

Сейсенбі, 8 Қараша , 2016 19:26

Ермек Меденов бір кездері қарындасы Айдананы жұрт тек өзі арқылы танығанын еске алды. Десе де, әнші жігіт дәл қазір керісінше қарындасының танымалдылығы артқанына тек қуанатынын жеткізді.

14549265043802

Фото: Comode.kz

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Жұлдыздарды жаққан Superstar жобасының шоу бизнес сынына шыдап, қатардан қалмағандары сахнада жүр. Алғашында бұл байқауда 16 мың өтінімнің ішінен 5563-і іріктеліп, артынша 100-і Алматыға жолдама алған болатын. Аталған жобаға 2005 жылы Ермек Меденов те қатысқан еді. Ол осы уақытта өзінің халық арасында танымал болғанын жасырмайды.

“2005 жылы мен 19 жастамын. Алматыға консерваторияға оқуға келгенімде, жаңағы байқау туралы естідім. Осыдан кейін саксафон аспабына түрлі музыка жаздым. Алайда оларды жарыққа шығару мәселесі қиындық тудырып жатыр. Кезінде Айдананы мен Superstar жобасына қатысқан кезде “Ермектің қарындасы” деп айтатын. Қазір керісінше мені Айдананың ағасы ретінде таниды. Бұл сөз мені еш ренжітпейді. Ал жеке өмірімде барлығы жақсы. Үйлендім, бір ұлым бар. Есімін Батырхан деп қойдым. Оның Шүкенов ағамызға ұқсағанын қатты қаладым. Жарым Мақпал өнерде болмаса да, музыканы өте жақсы түсінеді. Бүкіл өмірім музыкамен байланысты болғандықтан, осы саланы таңдағаныма бір сәтке де өкінген емеспін”, – дейді Ермек Меденов.


Жіберіп алмаңыз:

«Әлем аруы-2016» байқауы сайтында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды

Есентаева «Қазақ аруы» фильміне басты рөлге кастинг жариялады (фото)

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар