Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Белгілі ақын әрі «МұзАрт» тобының орындауындағы көптеген өлеңдердің авторы Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевтің туған күніне арнап өлең шығарды.

Ақын Қалқаман Сарин Мейрамбек Беспаевқа арнап өлең шығарды

Қазақ сахнасынан ойып тұрып орнын тапқан, Сәкен Майғазиевше айтқанда «жезтаңдай әнші, дәулескер күйші» Мейрамбек Беспаев кеше 40-тың қырқасына шығып, дүркіретіп той тойлады. Оның қуанышына өнердегі әріптестері мен дос-жарандары түгел жиналды. Одан бөлек, әншіге жыр шумақтарын арнаған ақындар да табылды. Олардың қатарында елімізге танымал ақындар Серікзат Дүйсенғазы, Қалқаман Сарин де бар. Назарларыңызға Қалқаман Сариннің өлеңін ұсынамыз.

МЕЙРАМБЕК

Көңіл қылын қозғағаным,

Қоңыр мұңым – қоздағаным.

Астындағы ат арымай,

Үстінде тон тозбағаным!

Əркімге қол созбағаным,

Əдептен бір озбағаным.

Бозайғырдай болдың бүгін,

Бозторғайы ең боздаланың!

Бойжеткен мен бозбаланың,

Жабырқаған кезде жанын.

Елжіретіп ет жүрегін

Мөлдіретіп көз-жанарын,

Тəтті əніңмен тербете бер,

Бар ма, сірə, өзге амалың?!

Құбылса да тез заманым,

Сертке берік, сөзге адалым.

Жаса, досым!… Асау өмір

Жасағанша өз қалауын!


Қалқаман Сарин: Ақынның 5 үздік өлеңі >>>

Талқылау