Әділдік іздеген қырғыз спортшысы рингтен кетпей қойды (видео)

Дүйсенбі, 24 Сәуір , 2017 7:34

22 сәуір күні Ресейде өткен спорт сайысы кезінде қырғызстандық спортшы шаршы алаңнан түспей қойды.

иав

Қазан қаласында “TNA ережесі бойынша TATNEFT кубогы жекпе-жегі” өткізілген еді. Қырғыз спортшысы Дастан Шаршеев ширек финалда ресейлік Антон Калининнен жеңіледі. Алайда ол төрешілер шешімімен келіспей, рингтен кетпей қойған. Тіпті арнаулы күзетшілер де спортшыны шаршы алаңнан түсуге көндіре алмады. Төреші Дастанға жағдайдың қиындап кетуін түсіндірмек болған.

“Қазір сені елден депортациялап жібереді немесе жолыңды жауып тастайды” дейді төреші.

8787

Осыдан кейін қырғыз спортшысы жүргізушінің микрофонын алып:

“Қайырлы кеш, құрметті Татарстан! Мен осымен екінші рет Татарстанға келіп отырмын. Бұл жер маған ұнайды, адамдары сондай мейірімді. Менің жеңгенімді барлығыңыз көрдіңіздер. TNA – бұл төрешілері әділетті әлемдік турнир. Ал бүгін әділдік болды ма? (осы уақытта трибунадағы жанкүйерлер “жоқ” деп айқайлайды). Өздеріңізге сауал қойыңыздар: бұл әлемде әділдік қайда? Әлде менің терімнің түсі маңызға ие ме? Жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет! Алға Қырғызстан!” – деді ол.

Оқи отырыңыз:

Орта салмақтағы WBO чемпионы Головкинді айқасқа шақырды

“Астана” командасының велошабандозы қайғылы оқиғада көз жұмды

Танымал футболшы маңдайына Інжіл кітабының сөздерін жазып өзіне қол жұмсады (фото)

“Реал” футбол клубының жұлдызы “Қайратты” қолдайтынын айтып үндеу жолдады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Дұрыс өзінікін сұрау керек. Так держать. Большой молодец

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар