Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Жақсыбеков “Цеснабанкті” сатып жіберді

Сәрсенбі, 6 ақпанда, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және  «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдарының тобына тиесілі қаржылық холдингтік компанияның инвестициялық бөлімшесі First Heartland Securities АҚ «Цеснабанк» АҚ-тың жай акцияларының 99,5 пайызын сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды First Heartland Securities компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Әділбек Жақсыбеков

Мәміле сату-сатып алу шарты бойынша және ҚР үкіметі мен Ұлттық Банкі мақұлдаған негіздемелік  келісімге сәйкес жүзеге асырылды. First Heartland Securities АҚ өз міндеттемелерін атқару үшін алдын ала талаптарды орындаған соң 70 миллиард теңге мөлшерінде банкті қосымша капиталдандыруды жүзеге асырады, делінеді компания хабарламасында.

FHS компаниясы First Heartland тобының бөлігі болып табылады. Оған First Heartland Bank және First Heartland Capital активтерін басқару бойынша компания кіреді.

FHS-тің бағалы қағаздар нарығында 10-жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Компания «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдары компаниялары тобының  FHB еншілес банкі арқылы олардың қызметкерлеріне және жеке сектордың ірі клиенттеріне инвестициялық-қаржы, сонымен қатар банк қызметтерін көрсетеді.

«Цеснабанк» АҚ экономиканың нақты секторын, оның ішінде шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлікті  несиелендіру бөлігінде қазақстандық қаржы нарығының көшбасшыларының бірі болып табылады FHS «Цеснабанкті» дамыту мен оның ШОБ және жеке тұлғалармен жұмыс істеу сегментіндегі позициясын  нығайтуды жалғастыратын болады», – дейді First Heartland Securities АҚ-ның басқарма төрағасы Ерке Нұркенов.

FHS компаниясы «Цеснабанк» АҚ-ты сатып алу арқылы банктік бизнесті әртараптандыру, инвестициялық, корпоративтік және  private банкингке қосымша ретінде ШОБ,  ритейл мен сақтандыру сегментін қамту мүмкіндіктеріне ие болады.

АҚ-ның мәмілеге дейінгі негізгі акционері «Цесна» қаржы холдингі (70,79%) болған еді. Оның негізгі бенефициары түрлі жылдары индустрия және сауда министі, қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің басшысы және басқа да лауазымды қызметтерді атқарған Әділбек Жақсыбеков болды.

Ол өткен жылдың қыркүйек айында Президент әкімшілігінің басшылығынан кетіп, «Цесна» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағалығына тағайындалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау