Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов те ширек финалға жолдама алды

Алтыншы күні 81 келі салмақта сынға түскен Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецпен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты.

әділбек

Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Әділбек үш раундыда да тізгінді өз қолында ұстады. Қарсыласы қанша жерден ұмтылғанымен жерлесімізге шамасы жетпеді. осылайша Әділбек ширек финалға өтті. Есеп-3:0.

Бүгін төрт боксшымыз шаршы алаңға шығып, Әділбекпен бірге екеуі келесі айналымға өтсе, біреуі ұтылып қалды. Келесі кезеңге Қайрат Ералиев, Данияр  Елеусінов жолдам алса, Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасындағы жарысын аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік,  Олимпиаданың алғашқы жарыс күні 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Берік Әбдірахманов ұтылып қалса, кеше 49 келідегі Біржан Жақыпов ширек финалда қарсыласына жол берді. Бүгін Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды.

 

Талқылау