Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдеп бұзған депутаттар мандатынан айырылуы мүмкін

Әдепсіздік танытқан депутаттар парламенттен қуылуы мүмкін. Бұдан-былай мәжілісмендердің жүріс-тұрысы қатаң қадағалауда болады. Төменгі палата жанынан құрылған “Әдеп кеңесі” мықтап іске кіріспекші, – деп хабарлайды КТК арнасы.

20160202125332

Яғни, халық қалаулыларының тәртібін 7 депутаттан құралған комиссия мүшелері жіті бақыламақ. Егер депутат қоғамдық орында, көшеде, жұмыста  жүргенде өзін мәдениетсіз ұстаса, дөрекі сөйлеп, біреуді балағаттаса, кез-келген адам үстінен шағымдана алады. «Әдеп кеңесі» парламент этикасын  бұзған мәжілісменді алдымен тура мектептің сотқар оқушысы сынды ортаға салып, жазалайды.

Тіпті депутаттық мандатынан да айыруы мүмкін. Сондай-ақ, депутаттар жұмысқа кешігіп келсе немесе себепсіз отырыстарға қатыспай қалса да жауап береді. Бірақ халық қалаулыларына бұрынғыдай үкімет мүшелеріне, министрлер мен шенеуніктерден сауатты  заң жазуды талап етіп, дауыс көтеруге, эмоцияға берілуіне рұқсат екен.

“Әдепсіз сөзден бұрын, енді түрлі келіспеушілік   Парламентте  болып тұрады. Негізгі мән берілетін дүние  – депутаттың дәрежесі, құзыры, саяси-мәдени, білім дәрежесі”, – дейді Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов.


Жіберіп алмаңыз:

Депутаттар: Мұғалімдердің жалақысын мың долларға дейін көтеру керек

Депутаттар жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын сауатты жазуды талап етті

Назарбаев: Үкімет мүшелері мен депутаттар Әнұран ойнағанда қосылып айтып тұрғаны жөн

Депутаттар каникулда қайда демалады?

Талқылау