Әнші Әсел Қарсыбаева шетел жұлдыздарының әнін домбыраға салып орындауымен аты шықты (видео)

Сенбі, 23 Қаңтар , 2016 13:09

Әсел Қарсыбаева қазірдің өзінде Париж және Берн қалаларына гостролдік сапар жасап үлгерген.

2881cc6f805ded7783d744b20735cba6

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Әселдің репертуары әртүрлі жанрдағы әндермен толыққан: лаундж, джаз, поп-музыка. Ал оның бірден бір өткір музыкалық орындауы Интернеттің хитына айналған еді.

«Мен бір жолы қонаққа барғанымда әдеттегіден көңілді отырдым. Сол кезде домбырамен Rolling in the deep аталатын Адельдің әнін орындадым. Мені сол кезде видеоға түсіріп, интернетке таратып жіберіпті», – дейді Әсел.

6d298ab8f0611bf1714639aa9f8e197a

Келесі күні Әсел жұлдыз болып оянады. «Cуперстар.kz» және «X-Фактор» секілді бірқатар жобаларға қатысқанына қарамастан, оны осынау домбырамен орындалған шетелдік әндері танымал етіп жіберген.

«Тележобаларға қатысу көп болса жарты жылға дейін танымалдылық береді. Сосын белсенді қолдау болмаса қайтадан көрінбей қаласың. Ал мені қазір әнші ретінде көпшілік таниды. Батысша әндерді домбырамен орындайтынымды біледі», – дейді ол.

Әселдің дауысы ерекше әрі шығармашылық фантазиясы да кең. Оның осындай артықшылықтары продюсерсіз-ақ жұмыс істеуге үйретті.

«Әрине, мықты кәсіби маманмен бірге жұмыс жасауға қарсы болмас едім. Десе де өзім біреуге барып көмек сұрағым келмейді», – дейді жас әнші.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар