Адамның болмысы жайлы оның туған күні қандай сыр айтады?

Дүйсенбі, 10 Қазан , 2016 15:05

Адамның физикалық мәліметі мен оның жан-дүниесі қаншалықты үйлесім табатыны расында қызық. Ендеше туған күніңіздің өзіңізге қандай қатысы бар екенін байқап көріңіз.

Nc3yISpXETamotsp_KC8zmFeyYPinT5HDVKz22nw2Fg-e1471891716946

Фото: women-page.ru

Айдың 1-і күні туғандар шығармашылықтың, жаңашылдықтың адамы. Олар өзіне сенімді жандар. Сондай-ақ өзгелердің пікірімен санаспайтын өзімшіл қасиеттері де бар. Көбіне көшбасшы болуға дайын. Қырсық мінезі де бар.

2-сі күні туғандар өзгелердің өтінішін аяқ асты етпейтіндер. Олар жақсы әріптес, дос, өмірлік сері бола алады. Олар әдетте суретшілікке, романтикаға жақын болады. Уайымы болса, күйзеліске түсуге де бейім келеді.

3-і күні дүниеге келгендер өмірді жаны сүйетіндер. Олар шығармашылыққа жақын келеді. Үнемі көңілі көтеріңкі жүреді. Әзілді жақсы түсінеді. Керемет идеялар ойлап табады. Өз ісіне ұқыпты қарайды. Алайда, бұллар да күйзеліске бейім келеді.

Жауаптылық, шыншылдық, салмақтылық, сенімділік 4-і күні туғандардың мінезіне сай келеді. Оларға барлық жағдайда сенуге болады. Өз қателігінен сабақ алады. Қанша қиындық көрсе де, мақсатына жету үшін барын салады.

5-і күні туғандар тәуелсіздікті сүйетін жандар. Тез тіл табысқыш, жан жақты келеді. Көп ақылды жандар осы күні өмірге келген. Алайда, ақ көңілділігі үшін алданып қалатын жағдайлары да кездеседі.

6-ы күні туғандар махаббат пен достыққа, отбасына адал жандар. Олар жауапты келеді. Көбіне гуманитарлық бағытқа жақын. Адамдарға көмексеуге дайын тұрады. Оларға құпияңызды сеніп айтуыңызға болады. Бұл күні туғандардың қызғаншақтығы мен қырсықтығы да бар.

Ақылдылық пен даналық 7-і күні туғандарға тән. Олар кітап оқуға құмар. Ғылымға жақын келеді. Олар спортқа әуес. Алған бетінен қайтпайтын жандар.

8-і күні дүниеге келгендер басқарушылық қасиетімен ерекшеленеді. Олар әдетте саясатқа белсенді араласады. Олар табысқа да осылайша қол жеткізе алады. Алайда, мансапқа жеткенде айналасындағыларды менсінбей, тәкаппарлық танытуы да ғажап емес.

9-ы күні өмірге кегендер жазушылық қырымен белгілі. Олар аса мейірімді келеді. Ренішті тез ұмытады. Өз ісіне жауапты қарайды. Ақ көңілділігінің салдарынан ақшасынан қайда кеткенін білмей жүреді.

10-ы күні туған жандар мейірімді жандар. Олар тек шыншылдық жолын таңдайды. Достары арасында абыройлы. Олар ешқашан қитұрқылыққа бармайды. Сонысы үшін де оны бәрі жақсы көреді.

11-күні туғандар рухани бай келеді. Олар материалдық байлықтан гөрі рухани байлықты жоғары қояды. Адамның жандүниесінің бай болғанын қалайды.

12-і күні туғандардан ерекше идеялар күтуге болады. Олардың өмірге деген құлшынысы көп. Талантты, әрі жан жақты келеді. Олар әлемді жақсы жағына өзгертуге қауқарлы.

13 саны ғылымда көп жылдан бері таласқа түсіп келеді. Осы күні туғандар ешкімді жолда тастап кетпейтіндер. Олардың өмірі үнемі өзгерістерден тұрады. Жеке өмірінде де, мансабында да тұрақтылық болмауы мүмкін. Бір кемшілігі – айналасындағыларға шыдамсыз келеді. Қатты ренжісе қателіктен соң серігіне ешқашан кешірім бермейді. Серігі кешірімге лайықты болса да, кешірім етпейді. Жалқаулығы да бар. Онысы мақсатына жетуге кедергі болып жатады.

14-күні туғандар еркін өмір сүруді қалайтындар. Оларға шектеу қоюдың мүлде қажеті жоқ. Олар төсек қатынасына әуес. Серігі бола тұра өзге де жандармен қатар сөйлесуге дайын. Оларға қаржылық мәселеде сақтықпен қарау керек.

15-і күні туғандар ерекше қиял иелері. Олар техникалық тұрғыда да, поэтикалық тұрғыда да талантты. Алайда бір шешімге келуге ішкі сабырлылығы жете бермейді. Барлығын жүрегіне жақын алады. Тіпті өзіне айтылған сын үшін де уайымға салынады. Ол өзгенің уайымын өз жанына артық сезінеді.

16-ы күні туғандардың ішкі түйсігі қатты дамыған. Олар көп сөйлемейді, салмақты келеді. Егер бір адаммен кездессе, оған жауаптылықпен қарайды. Оған барлық ісі сеніп тапсыруға болады. Жауаптылығы мен ұқыптылығына шүбә келтіруге болмайды. Бір қарағанда жұмбақ жандай көрінеді.

17.Өзіңіздің махаббатыңызды шынайы жеткізіңіз. “17” жалғандықты сүймейді. Оның бала кезден қалыптасқан биязы мінезі сын көтермейді. Ол қарсы бола алмайды. Әркез жоғары дәрежедегі назар аударуды күтеді.

18.Әділдік үшін күрестің сандық белгісі. Ондай адамдар тек өзінің ғана емес, әріптесі мен досының да құқығын қорғау үшін соңына дейін бара алады. Олар көп ретте өзге адамдардың пікіріне құлақ түрмей, өзінің тәжірибесі мен білімін сарапқа салады. “18” – туа бітті ақсүйектердің саны. Олар жылдам депрессияға түсіп, қайтадан тез қалыпқа келе алады. Олар өзінің сырқы келбетіне жиі алаңдап жүреді. Өте сақ қимылдайтындықтан даулы мәселелердің ортасына да көп түспейді. Махаббат қатынасы кезінде де құрметтеуді бірінші орынға қояды. Олар жиі анасының қолдауына сүйеніп тұрады.

19.”Не ексең, соны орасың”. Айдың 19-ында туған адамдарды осылай сипаттаса болады. Олар өткен қателікке аз өкінеді. Жылдам шешім қабылдайтын, ерекше энергетикалық қасиетке ие. Тұрақтылықты құп көреді: отбасында және жұмыста осы қағидаға берік.

20.Олар жалғыздықты қаламай, қасында көп адамның жүргенін қалайды. Шешен тілді адамдар және дұрыс жолдағы достары бар, командада жақсы жұмыс істейді, түрлі іс-шараларға белсене атсалысады. Көңілді думанды, концертті жақсы көреді. Қонақжай, романтик, музыка мен би десе ішкен асын жерге қоюға даяр.

21-ші күні туғандар өмірді сүйетін жандар. Олар күн сайын осы өмірге келгені үшін алғыс айтуға даяр. Әрі ақшаға құмар болып келеді. Сол себепті бұл күні туғандар көбіне-көп экономист, банкир, қаржыгер болып жатады. Оларға отбасылық бюджетті сеніп тапсыруға әбден болады. Бірақ олар ұятсыз және аздап мысқылшыл келеді. Тағы бір әлсіз тұсы бұл – секс.

22.Бұл білім беру белгісі. Бұл күні өмірге келгендер оқуды жақсы көреді және сол бағытта көп жетістікке жетеді. Ұстаздық қызмет солар үшін десе де болғандай. Білімге бай бұл жандар кез-келген қиындықты мойынына алып, жауапкершілік жүгін көтере алады. Олар өмірде бақытқа кездейсоқ емес, нағыз еңбектің арқасында жетеді.

Жұмбақ 23 санына өмірдегі шытырман оқиғалар мен тек алғы жылжу ұғымы жасырылған. Бұл санға қатысы барлар шешім қабылдағыш, адаммен тез тіл табысатын, ұмтылғыш адамдар. Олардың таланты көп қырлы болғандықтан, кез-келген салаға сіңісіп кете алады. Олар үшін ең бастысы – еркіндік. Көбінесе біреуге бағынышты болып жұмыс істегенді қаламайды.

24.Бұл қауіпсіздік пен адалдықтың белгісі. Олар кішкентай қадам жасайын десе де, барлығы ой елегінен өткізіп, сараптап барып жүзеге асырады. Олар тамақты жақсы көреді. Яғни, мейрамхана ашып, кулинария саласында жұмыс жасағанды ұнатады.

25.Бұл адамдардың өмірін көп ретте интуиция басқарады. Олар өте сезімтал. Кейде алдын-ала шешіп қойған мәселенің өзін, соңғы сәтте бір нәрсе сезіп өзгертіп жіберуі мүмкін.

26.Бұл шексіздік белгісі. Бұлар нағыз адал достар және адал жар. Олар өр мінез, ерекше күш, талантқа бай. Ондай адамдар тәртіпті, тазалықты, сұлулықты жақсы көреді.

27.Нумерология ғылымында осы санға сауығып кету күші жасырылған. Бұл санның өкілдері көбінесе медицина мен денсаулық сақтау саласында тер төгіп жүр. Эмоцияға берілгіш бұл жандар, әрбір жағдайды жан-дүниесінің талқысына салып, әр клеткасынан өткізе ойланады.

28.Бұл заңның белгісі. Бұл адамдардың жауапкершілігіне әсте күмән келтіруге болмайды. Олар үнемі басқаларды тәртіпті сақтауға, құқықты бұзбауға шақырып жүреді. Бірақ, бір қызығы олар өздеріне кінәні аудармай, ара-тұра басқалардан көруге құмар. Мұны олардың билікқұмарлық қасиетімен байланыстыруға болады.

29.Ерекше эмоционалдық потенциалға бай адамдар. Сәттілік жолдас болады. Сондықтан да үнемі қай істе де жолы болып, тіпті лотереядан да қымбат ұтыстар ұтып алады.

30.Бұл іскер, тәуелсіз, еркін адамдардың келбеті. Жадында бірнеше жыл бұрынғыны оңай сақтай алады. Бұл кісілерден жиі кеңес алып, өзіңнің өмірлік бағдарыңды айқындауға болады. Олардың бірбеткейлігі, қайсарлығы таңқалдырады.

31.Мақсат қойғыш және сол мақсатына берік адамдар. Олар шығармашылық еркіндікте болып, өзіне қолайлы жағдай жасауға тырысады. Бұл өз кезегінде олардың қоғамдағы дәрежесін көтеруге көмек береді. Ірі жобаларды лайықты ұйымдастырып, көпшіліктің көңілінен шыға алады. Үнемі жаңа жол, жаңа мүмкіндіктер іздеп жүреді. Тұрақтылық пен әділдікті бағалайды.

Жіберіп алмаңыз:

Тест: Бет пішініңіз мінез-құлқыңыз жайлы не дейді?

3 сұрақтан тұратын Тибет тестінің болмысыңыз жайлы айтары көп

Орыс азаматтары әлемдегі ең ұсқынсыз ер адамдардың үштігіне кірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар