3 сұрақтан тұратын Тибет тестінің болмысыңыз жайлы айтары көп

Жұма, 7 Қазан , 2016 21:25

Логикаңызды уақытша өшіріп, бойыңызды еркін ұстаңыз. Енді ішкі дүниеңізді тексеруге бағытталған қарапайым 3 сұраққа жауап беріңіз. Еш ойланбастан, санаңызға бірінші келген жауапты таңдаңыз.

ti

Қажет болса, қағаз-қалам алып, жауабыңызды жазып қойыңыз. Тест соңында өзіңіз, өміріңіз үшін маңызды дүниелерді біле аласыз.

1. Көз алдыңызға мына 5 жануарды елестетіңіз. Оларды ұнатқан ретіңіз бойынша орналастырыңыз:

Сиыр, Жолбарыс, Қой, Жылқы, Торай

2. Тізімдегі әр сөзді бір сын есім арқылы сипаттаңыз:

Ит — …

Мысық — …

Егеуқұйрық — …

Кофе — …

Теңіз — …

3. Өміріңізде, жүрегіңізде өзіндік орны бар 5 таныс адамыңыз жайлы ойлаңыз. Олардың әрқайсысы үшін берілген түстердің бірін таңдаңыз. Әр түс үшін тек бір адамды таңдауға болады:

Сары — …

Қызғылт сары — …

Қызыл — …

Ақ — …

Жасыл — …

Tibetskaya-gormonalnaya-gimnastika

Ендігі жауаптарына назар салайық.

1. Бірінші сұрақтың жауабында өмірде басымдық беретін дүниелеріңіз берілген:

Сиыр мансапты білдіреді.

Жолбарыс – өз адамгершілігіңіз.

Қой – бұл махаббат.

Жылқы отбасыңызды аңғартады.

Торай – ақшаның белгісі.

2. Екінші сұрақтың жауабынан өз өміріңізді қалай көретініңзді байқай аласыз.

Сіздің итпен байланысыңыз өзіңіздің жеке тұлғаңызды білдіреді.

Сіздің мысықпен байланысыңыз серігіңіздің тұлғасын аңғартады.

Сіздің егеуқұйрықты сипаттауыңыз дұшпандарыңызға меңзейді.

Сіздің кофемен байланысыңыз – бұл сексе деген қарым-қатынасыңыз.

Сіздің теңізді сипаттауыңыз өз өміріңізді аңдатады.

3. Түстер аталған адамдарға деген қарымқатынасыңызды аңғартады:

Сары – өміріңізге үлкен ықпал еткен, ешқашан есіңізден шықпайтын адам.

Қызғылт сары – нағыз досыңыз болып табылатын адам.

Қызыл – шынайы сүйетін адамыңыз.

Ақ – рухани туысыңыз.

Жасыл – ол жайлы естеліктер өмір бойы жадыңызда сақталатын адам.

P.S. Бұл Тибет тестінің дәлдігі 97%-ды құрайды дейді. Ал сіздің нәтижеңіз қандай?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар