Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам етіне әуес Николай Жұмағалиев ауруханадан қашып кетті деген ақпарат елді дүрліктірді

Желіде адам етіне әуес, оннан аса  адамды әдейі өлтіріп, етінен қалағанынша тағам әзірлеп жеген Николай Жұмағалиев ауруханадан қашып кетті деген ақпарат тараған.

николай жумағалиев
Елдің үрейін ұшырған мәлімет жалған болып шықты. Бұл туралы Қазақстан-Жаңалықтары сайты Алматы облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

1980 жылдары ел арасында үрей тудырып, қаншама адамның өмірін қиған Николай Жұмағалиев Алматы облысындағы психикалық ауруханалардың біріне жабылған.

жумагалииеевв
Желіде тараған ақпарат бойынша адам етіне әуес Николай Жұмағалиев 23 желтоқсанда ауруханадан қашып шыққан. Оны Көк базардың маңынан көрдік дегендер өз ойларымен бөлісіп,халықты дүрліктірген.

«Николай Жұмағалиевті ауруханадан қашып кетті деген ақпарат жалған»,-дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Николай Жұмағалиев осыған дейін 10 адамның өмірін қиған. Ол 15 қараша күні 1952 Алматы облысы, Ұзынағашта дүниеге келген.

2014 жылдың қыркүйек айында  Жұмағалиевке 1990 жылы Ақтөбеде оныншы әйелді өлтіргені үшін айыпталған еді.

Талқылау