Әбенов: “Террористер тізімінен” қайта-қайта қате шығып жатса, өлім жазасын қалай енгіземіз

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 13:35

Мұрат Әбенов соңғы уақытта талқыланып жатқан өлім жазасын енгізуге қатысты өз ойын айтты.

3d28c84ad125f97376ddb99a0df4f018 (1)

Сурет: ca-news.org 

“Ақтөбеде болған жағдайдан кейін өлім жазасын қайта еңгізу туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Құқық қорғау органдары террористердің тізімінде қайта-қайта қателіктер анықталып жатқанда ондай үзілді-кесілді қадамға баруға болмайды. Жазықсыз адамдар өлім жазасына тартылса, ол «қатені» түзету мүмкін емес. Ол бүкіл қоғамның мойындағы ауыр күнә болып қалады”, – деп жазды Мұрат Әбенов Facebook желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін ақтөбелік Данияр Уайысов өз-өзін іздеудегі  терроршылар тізімінен көріп таң қалған. Ол жұртқа өзінің тірі, бостандықта және террорист емес екенін түсіндіргісі келеді.

Жаңажол орта мектебінде сантехник болып жұмыс істейтін 43 жасар Самат Қожаниязов та осындай жағдаймен бетпе-бет келген еді. Оның да аты-жөні 5 маусым күні шабуыл жасаған лаңкестер тізімінің бел ортасында жүрген.

Ішкі істер министрі ақтөбеліктің «өлтірілгендер» тізіміне қалай түсіп қалғанын түсіндірген болатын.

Айта кетейік, сенатор Серік Ақылбай өлім жазасын енгізуді ұсынған еді. Егер жоғарғы заң шығарушы органның бастамасы қолдау тапса, Ақтөбеде сойқан салған содырлар өлім жазасына кесіледі. Оның үстіне жақында президент те, қолына қару алып кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілу керек деген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Лаура says:

    Алдымен тергеледі, сосын барып үкім қолданады ғой

  • Шұғыла says:

    Қателер болды, бірақ қазір нақты тізім бар ғой, менімше өлім жазасын енгізу керек, себебі заңнан қорқу керек

  • Жанибек says:

    Қаншама бауырларымыз, біреудің баласы, біреудің әкесі, біреудің бауыры дегендей жазықсыз мерт болды, сондықтан террористерге ең қатал жаза қолдану керек

  • Мөлдір says:

    Дұрыс та шығар Мұрат ағанікі, бірақ сол оқиғада о дүниелік болған бауырларымыз үшін жазаның ең қатал түрін қолдану керек бұл қанішерлерге

  • Камшат says:

    Бейбіт адамдардың өмірін сақтау үшін өз кеудесін оққа тосқан бауырларымыз үшін өлім жазасын беру керек деп есептеймін

  • Шынгыс says:

    Үзілді кесілді шешім қабылдамай анық қанығына жетіп асықпай шешім қабылдаған дұрыс

  • Анонимно says:

    Өлім жазасын береміз деп жазықсыз қазақтың қара балдарын адам саны қып тіркеп өлтіріп қанын.кінəсін мойнымызға алмайық.аңыраған аналардың бала шағаның көз басына қалмайық.Өлім жазасын бергіш болса жоғарыдағы неге мемлекеттің ақшасын қалтасына жымқырған шенеуніктер мен мамық орындықта отырғандарға бермейді. қанша жесе де мол табысы болса да таймай жүрген…..əділ болар еді соларды атса .əрі сабақ болатын бəріне

  • Шолпан says:

    ол ақпаратты тексеру еш қиындық түғызбайды, өлім жазасына тартылмас бұрын

  • Шолпан says:

    Меніңше, террористтерге қарсы өлім жазасын енгізу керек,

  • Анонимно says:

    Өлім жазасына кесілген кезде бұл ақпарат жан жақты тексеріледі

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар