Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдрайымов пен Айбасов боксшы Қанат Исламнан сабақ алды (фото, видео)

Танымал әнші Бағлан Әбдрайымов пен актер Жандос Айбасов боксшы Қанат Исламнан сабақ алды. Олар жаттығу залында бас қосып тәжірибе алмасты.

image

Фото: instagram.com/aidar_alban_/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Aidar classis” бокс клубының директоры Айдар Шәрібаев боксшы Қанат Исламды жаттығу залына шақырған. Аталған залға  Бағлан Әбдрайымов пен танымал актер Жандос Айбасов та келген. Олар кәсіби деңгейдегі боксшылар болмаса да, шаршы алаңда Қанат Исламмен қатар тұрып, одан сабақ алған.

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дейді ғой дана халық. Бүгінгі ашық жаттығуда аз-кем тәжірбиесімен бөліскен Қанат батырға алғысымыз шексіз! Əлем алдында еңсеңіз түспей көк байрағымызды желбіретіп жүре беріңіз! Армандарыңыз орындалып абсолюттік чемпион болыңыз! Осындай мүмкіндікті жастарға жасап жүрген Айдар Албан сізге рахмет! Осы шаңырақтан аты əлемге әйгілі спортшылар баптала берсін. Қазақ ұландары жасасын!” – дейді Бағлан Әбдрайымов.

13298219_1700261270238379_1331168511_n

13381199_265746387148410_480804232_n

Ал елімізге “Қыз бен жігіт” фильмі арқылы танылған Жандос Айбасов боксшының жайдары мінезіне қайран қалған екен.

“Бүгін Айдар Албан бауырымыздың арқасында чемпионмен жүздестік. Жаттығу залында журналистер көп болды. Мейірімді және жауыз. Бірақ, ең бастысы, мен чемпионмен шаршы алаңда қатар тұрдым. Ол бізге бірнеше ерекше тәсілдерін көрсетті. Қасқыр көз бен мейірімді күлкі. Сырттай ұстамды әрі мықты, ал өзі рухты азамат екен. Нағыз ер жігіт!” – деп Жандос Айбасов боксшыға алғыс айтты.

“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” – дейді ғой дана халық! Бүгінгі ашық жаттығуда аз-кем тəжірбиесімен бөліскен Қанат батырға алғысымыз шексіз! Əлем алдында еңсеңіз түспей көк байрағымызды желбіретіп жүре беріңіз! Армандарыңыз орындалып абсолюттік чемпион болыңыз! Осындай мүмкіндікті жастарға жасап жүрген @aidar_alban_ сізге рахмет! Осы шаңырақтан аты əлемге әйгілі спортшылар баптала берсін. Қазақ ұландары жасасын! @islamkanat

Видео опубликовано @baglan_abdraimov

Қанат Ислам AIDAR CLASSIS бокс клубында ашық жаттығу өткізді. Алғысымыз шексіз. Жеңісіңіз көп болғай.

Видео опубликовано Боксерскии клуб AIDAR CLASSIS (@aidar_alban_)

Мұнымен қатар, кәсіби боксшы Айдар Шәрібаев та Қанат Исламға тамсана қарағанын жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Қанат Ислам: Америкаға барып бір тиын тауып көрмеппін

Лопес: Қанат Ислам Головкинмен жұдырықтасуға дайын

Қанат Ислам: Егер Геннадий келіссе, мен онымен рингке шығамын

Қанат Ислам: Гена екеуімізді жұдырықтастырғысы келетіндерді түсінбеймін

Талқылау