Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа: Әнін ақшаға сататын сазгерлерді жек көремін

Жуырда әнші әрі актриса Салтанат Бақаеваның 50 мың теңге үшін басы дауға қалған еді. Ұзату тойларында хитке айналған “Әгугай, құрбым” әнінің авторы, ақын Назерке Семей бұл туындысы үшін әншіден бір тиын да алмағанын айтып, ашынған-тын, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Әбдіжаппар Әлқожа: Әнін ақшаға сататын сазгерлерді жек көремін

Ақырында Бақаева ақынға ақысын төлеп, әннің заңды иесі атанды. Ал өнер жұлдыздары арасында Салтанатты қолдағандар да, қарсы шығып, даттағандар да болды.

Мәселен, Әбдіжаппар Әлқожа ән сататын сазгерді де, сөз сататын ақынды да түсінбейді. Әншінің пікірінше, шығармашылық саудаға салынбауы тиіс.

“Ән сатып алып, сөз сатып алған жігіт емеспін. Өзімнің ақындарым бар, әрқашан сол кісілердің ризашылығымен жүремін. Концерт берсе, басынан аяғына дейін қызмет етемін. Тойына барып беремін, арамыз тек қана сыйластықпен жүремін”, – дейді ол “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында.
Әбдіжаппардың айтуынша, әнді сазгер жазғанымен, хитті беретін тек қана Алла Тағала.

“Мен ән сатамын деген сазгерлерді жек көремін, ұнамайды. Сатамын деген сазгерден бірден қашамын. Өйткені хитті беретін де, адамның бағын да ашып беретін Алла Тағала. Біреулер: “мына әнді айтсаң, хит болып кетесің”, – деп сеніммен айтады. Оны тек Алла береді”, – дейді Әлқожа.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау