Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абаев: Жеке өзімде WhatsApp пен Instagram істеп тұр

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев парламент палаталарының бірлескен отырысында елімізде WhatsApp, Instagram желілерінің істен шығуына қатысты пікір білдірді.

abaev-2-e1462534710230

“Маған бұған қатысты пікір айту қиын, өйткені өз басымда ондай проблема болған жоқ. Бұл жағдай барлық қазақстандықтарда бірдей болды деп айта алмаймын”, – деді Абаев.

Ол еліміздегі әлеуметтік желілер қызметінің тым баяулап қалуы, Астанадағы жаппай төбелес туралы ақпараттарға қызығушылық танытушылардың күрт артуына байланысты болуы мүмкін екенін де айтты.

“Техникалық тұрғыдан – Астанадағы оқиғаны оқып-білгісі келгендердің саны артқандықтан шығар. Мүмкін трафик осының кесірінен әлсізденіп қалды. Мұның бәрі техникалық мәселелер, бұл жерде арнайы жоспарлы жұмыс туралы әңгіме жоқ”, – деді министр.

Бұл ретте министр елімізде террористік, порнографиялық, суицидтік мазмұндағы конттентердің ғана ажыратылатынын айтты.

Бұған дейін қазақстандықтар елімізде Facebook, Instagram, WhatsApp және YouTube әлеуметтік желілерінің қызметінде жиі ақау пайда болып, істемей қалып жатқандарын айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандардың қырылуына байланысты үн қатты

Ақмола облысында әкім ірі көлемде пара алып жатып ұсталды (видео)

АҚШ президенті Назарбаевты еліне шақырды

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Талқылау