Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандардың қырылуына байланысты үн қатты

Қазақстан Республикасы парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмада өрбіп жатқан даулы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

20170327010855

“БҰҰ Мьянмада болып жатқан төтенше жағдай туралы өзінің берік позициясын көрсетуі тиіс. Онда қаншама кінәсіз мұсылмандар аяусыз репрессияның құрбандарына айналып жатыр”, – деп жазды сенат төрағасы Твиттердегі парақшасында.

Безымянный

Еске салсақ, Мьянмада болған армия, полицейлер және негізінен исламды ұстанатын этникалық азшылықтағы рохинджалар арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны соңғы күндері 400-ден асып кеткен.

Осы оқиғаға байланысты Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған арнайы мәлімдеме жасап, мұны “мұсылмандарға қарсы жасалған геноцид” деп айыптады.

241832-INNERRESIZED600-600-877_0

Мьянма үкіметі қауіпті орындардан буддистерді алып шығып жатқанда, мұсылман-рохинджалар көрші Бангладешке қарай ағылған. Қазірге дейін 27 мыңнан астам мұсылман шекараны кесіп өтті деген дерек бар. Олардың біразы сапар кезінде ажал құшқан деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Оқи отырыңыз:

Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)

Ташкентте Ислам Каримовке ескерткіш орнатылды

Қоқыс жәшігінен басы кесілген әйелдің денесі табылды

Талқылау