Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицейдің формасымен суретке түскен күзетші сотталуы мүмкін

Қарауыл қылмыстық жаза тартады. Әлеуметтік желідегі виртуалды өмірде өзін тәртіп сақышысы етіп көрсеткісі келген «Қазақфильм» киностудиясының күзетшісі сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Павел Егоров есімді жігіт әртістердің гардеробындағы полицейдің киімін киіп суретке түскен. Бұны аз көрген күзетші интернеттен өлі адамның суретін тауып алып, астына «арнайы операция кезінде атып тастауға тура келді» деп жазба қалдырған. Полицейдің рөлін сомаудады ермекке айналдырған жігіттің бұндай өнерінің бағасын енді тергеушілер бермек.

“Суретке түсу үшін ол тіпті әскери дүкеннен арнайы барып ІІМ-нің символикасы бар әмиян мен кісен сатып алған. Сонымен қатар, өзінің газды тапаншасын және интернеттегі суреттерді де пайдаланған. Қазіргі таңда жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – дейді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Талқылау