Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

98 жастағы әйел 80 жастағы ұлының қасында болу үшін қарттар үйіне көшіп барды

Ұлыбританияда 98 жастағы әйел ұлының қасында болу үшін қарттар үйіне көшіп барды.

Бұл туралы Тһе Mirror басылымы хабарлайды.

Өткен жылы Ада Китингтің ұлы Том қарттар үйіне баруға мәжбүр болған. Себебі, қария өздігінен еркін қозғала алмайтындай дәрежеге жеткен. Араға бір жыл салып Томның қасына анасы келеді.

Қария енді күн сайын ұлын көре алатынына қуанып жүр. Күнделікті “қайырлы таң” деп оятып, “қайырлы түн” деп ұйықтатады екен. Том ешуақытта үйленбеген. Осы күнге дейін анасымен бірге тұрып келген екен.

Қарттар үйіне туысқандары келіп, үнемі қалдарын біліп тұрады. Ал қарттар үйі өз кезектерінде олардың жағдайын жасауға барынша тырысып жатқандарын айтқан. Аданың Томнан өзге екі баласы мен немерелері бар.


Жіберіп алмаңыз:

Нью-Йорктегі қанды оқиғадан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Қазақстанның шұрық-тесік жолдары күллі әлемге танымал болды

Бишімбаев соттан қылмыстық істі тоқтатуды талап етті

Орал қаласының маңындағы жерлер жалға берілмекші

Талқылау