Бишімбаев соттан қылмыстық істі тоқтатуды талап етті

Сәрсенбі, 1 Қараша , 2017 8:15

Бишімбаевтың адвокаттары тергеушілердің өздерін айыптап, судьядан қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Сурет: Kazday

Бұрынғы Ұлттық экономика министріне қатысты сот қазір Астанада жүріп жатыр. Жарыса сөз алған адвокаттар Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның дәлелдерінің заңсыз екенін растайтын құжаттарға дейін алып келген екен. Айта кетсек, Бишімбаев бірнеше рет ірі көлемде пара алды, бюджет ақшасын жымқырды деген баптар бойынша айыпталуда. Одан бөлек тағы 22 адам істі болып жатыр.

Негізі, бұл топтың заңсыз әкерекеттеріне қатысты қылмыстық іс өткен жылы қозғалған. Ал іс сотта бүгін қарала бастады. Қуандық Бишімбаев осы уақытқа дейін терегу изоляторында отырды. Бүгін қарауыл экс-министрмен бірге оның бауыры Нұрлыбек Сұлтановты және “Байтерек DEVELOPMENT”  бұрыңғы төрағасының орынбасары Аслан Жақыповты абақтыдан сот залына жеткізді.

Ал сотқа келгендердің қарасы өте көп. Жұрт есіктің алдында ұзын-сонар кезек күтті. Экс-министрді қолдап туыс, таныстарынан басқа бұрын Ұлттық экономика министрлігінде қарамағында жұмыс істеген әріптестері де келген. Сондықтан процеске ең үлкен зал бөлініпті. Ал Қуандық Бишімбаев түрмеде отырған 10 айдан бері бірінші рет көптің көзіне көрінуі. Тым сабырлық танытқан ол ішкі қобалжуын мүлдем білдіртпеуге тырысты.

Алдын ала тыңдау кезінде күдіктілерге қысқа уақыт берілді. Көбіне олардың адвокаттары сөйледі. Мәселен, Бишімбаевтың үш адвокаты бар. Қалған күдіктілер де кем дегенде екі қорғаушы жалдаған. Бишімбаевтың адвокаттары тергеушілердің өздеріне қарсы дәлелдер жинап келіпті. Сәлімжан Мусиннің айтуынша, тергеу құжаттарындағы мөр жалған.

“Сотқа дейінгі тергеу 2016 жылдың 9 тамызда басталған. Ол кезде Жемқорлыққа қарсы ұлттық агенттік мүлдем жоқ еді. Ведомство құрылмаған болатын. Сондықтан менің қорғаушыма қатысты тергеу заңсыз және негізсіз жүргізілген деп есептеймін. Қылмыстық істі тоқтатуды сұраймын”, – дейді Бишімбаевтың қорғаушысы Сәлімжан Мусин.

Ал күдіктілердің бірі – «Құрылыс металлқұрастыру зауытының» бұрынғы бас директорының адвокаты мемлекетке қайтарылған қаржыға Жақсылық Исабектің еш қатысы жоқ деген мәлімдеме жасады. Сәбит Өтебәлиевтың қорғаушысы болса, керісінше, тағылған айыптармен келісіп, мемлекеттік айыптаушылармен бірге келісімге келуді сұрады. Жалпы, 23 күдіктінің көбі кінәсін мойындап, бюджетке келген шығынды қайтарған. Тек Бишімбаев тергеумен келісіп отырған жоқ. Экс-шенеуніктің әкесі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өзі жауапқа тартылсын деп отыр.

“Көп-көп заңды бұзған жағдайлар, мінекей. Әсіресе, мынау тергеу жүргізгенде. Мысалы, бухгалтер, басқа біреу болсын, сәл заңсыздық жасаса, оны жауапқа тартады. Ал енді тергеуші агенттіктің өзі заң бұзса не болғаны? Заңның алдында бәрі бірдей ғой”, – дейді Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев.

Бишімбаевтың қасында тағы бір экс-мәжілісменнің баласы бар. Ол бұрынғы спикер Қабиболла Жақыповтың ұлы – “Байтерек DEVELOPMENT” бұрыңғы төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. Терезенің арғы жағындағылардың барлығы тергеу изоляторынан келгендер. Ал залда алдыңғы қатарда отырған күдіктілер үйқамақта жүр. Бишімбаевқа «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрғанда «Нұрлы жол» бағдарламасымен үй салу үшін 5  құрылыс компаниясын лобби жасап, мемлекеттік тендерді ұтып беріп отырған. Сөйтіп, кәсіпкерлерден 400 миллион теңге пара алған деген күдікке ілініп отыр. Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені де жалған фирмалар арқылы ұрлады деген айыптар тағы бар. Әрі экс-минстр бұл іске бауыры Нұрлыбек Сұлтановты да тартқан дейді тергеушілер.

Бишімбаев ісіне қатысты тергеу 250 томға арқау болғанын айта кетейік. Бүгін судья адвокаттардың өтініштерін ғана тыңдады. Негізгі сот отырысы кезінде прокурорлар әр күдіктіге тағылған айыпты оқиды. Сондықтан процесс бірнеше айға созылатыны анық.


Жіберіп алмаңыз:

Орал қаласының маңындағы жерлер жалға берілмекші

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Ғабидолла Әбдірахымов “Нұр Отан” партиясының хатшысы болып тағайындалды

Ол жақта жер көп: Атамбаев ел саясатын қолдамайтын қырғызстандықтарға Қазақстанға баруға кеңес берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар