Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Солтүстік Корея басшысының әйелі табылды

Солтүстік Корея тұрғындары көшбасшылары Ким Чен Унның әйелінің іс-түссіз жоғалып, аяқ астынан қайта табылғанына таңырқап қалды.

North-Korea-567534

Ли Соль Чжу осыдан 9 ай уақыт бұрын белгісіз себептермен ғайып болды. Соңғы рет ел оны Кореяда өткен халықтық-әуе күштері мен қорғанысы сайысында көрген, деп жазды Daily Star.

Корей орталық ақпарат агенттігі Кимнің жұбайының аяқ астынан пайда болуы туралы ақпарат таратты.

Бұл Чжудың 9 айдан бері БАҚ беттеріне бірінші рет шығуы. Жұрт оны екіқабат болуы мүмкін немесе Солтүстік Корея көшбасшысынан жалығып, қашып кеткен болуы мүмкін деп болжады.

Ri-Sol-ju-738201

Ли жоғалып кеткен соң ел арасында түрлі әңгімелер өрбіді. Кейбіреулер оны Кимнен аластатылды немесе Кимнің інісі Йо Джонгтың қаҺарына ұшырады деп болжады.

Із-түссіз жоғалып кеткенге дейін Ли бұл жылы ел алдына бар-жоғы үш рет шығып сөйлеген.

Ким мен Ли 2012 жылы шаңырақ көтерген болатын. Екеуінің ортақ бір перзенттері бар.

Кейбір болжамдар бойынша, Ли мемлекеттік Унхасу оркестрінің бұрыңғы мүшесі болып табылады және 2010 жылы Ким үшін өнер көрсеткен.

Тағы бір деректерге сәйкес, Лидің отбасы мемлекеттегі саяси элитаның қатарына кірген.

Солтүстік Корея басшысы әскери іс-шара барысында әскерилерді қырағылық танытуға үндеді. Өз сөзінде Корея басшысы қауіп белгілері байқалған жағдайда жедел түрде ядролық және ракеталық қару жарақты қолдануға бұйрық берді.

Ri-Sol-ju-738202

Жапония Кимнің бұл сөзінен шошып қалды. Осы орайда мемлекет Жапония халқын ядролық шабуылға дайын болуға үндеді.

Сондай-ақ Ким Дональд Трампқа өз еліне ядролық қауіп төндірмеуді, кері жағдайда екі ел арасындағы байланыстың нашарлай түсетінін ескертті.

Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиясында хиджабсыз суретке түскен әйелді өлім жазасына кесуге шақыруда

6 құрбан: Австрияда егде әйел балалары мен немерелеріне оқ жаудырды

Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды

Гүлнар Кәрімованың 850 млн доллары Өзбекстан халқына таратылмақ

 

Талқылау