86 жастағы әже дизайнын өзі ойлап тапқан көйлекті киіп тұрмысқа шықты (фото)

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 10:30

Жуырда 86 жастағы Милли Тэйлор-Моррисон тұрмысқа шықты. Әже қарттық жасына қарамастан қалыңдық көйлегінің дизайнын өзі ойлап тапты. Қалыңдық осыдан 50 жыл бұрын модель болып жұмыс істеген. Арада қанша жыл өтсе де ол өзінің дене сымбатының тартымдылығын бұрынғы қалпында сақтап келеді.

mini45

Немересі қалыңдық көйлегін киген әжейді суретке түсіріп, Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Бойжеткен әжесінің өткен аптада ғана 86 жасқа толғанын айтты. Ал оның су жаңа күйеуі желтоқсан айында осы жасқа толады, деп хабарлады Bored Panda.

2154

«Әжем мен атам 41 жыл бақытты ғұмыр кешті. Одан кейін атам қайтыс болды. Арада 25 жыл өткеннен кейін ол қайтадан өз махаббатын тапты. Ол үшін шексіз қуаныштымыз», – дейді әжейдің немересі.

Күйеужігіт Гарольд Моррисон 60 жылдан бері Миллидің жақын досы болып келеді.

683

Осдан бірнеше жыл бұрын Гарольд ауыр науқастанып қалған еді. Сол кезде қариялар бірге тұруға шешім қабылдаған. Милли досына күтім жасап, көмектесті. Ал сауығып шыққан Гарольд оған тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірді.

Мына ғажап хикая махаббаттың жасқа қарамайтынын тағы да бір рет дәлелдеді.

592

779

878

41073120

Жіберіп алмаңыз: 

114 жастағы қытайлық әйел өзін құлай сүйген адамына тұрмысқа шықты

71 жастағы америкалық 17 жасар жігітке тұрмысқа шықты

Алматы облысының тұрғыны өзін зорлаған жігітке тұрмысқа шықты

Қазақстандық әйел ағылшын баронына тұрмысқа шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар