84 жастағы ер адам миының бір бөлігі жоқ болса да, өмір сүріп келген

Солтүстік Ирландияның 84 жастағы тұрғыны миының бір бөлігі жоқ болса да, қалыпты адамдар секілді  өмір сүріп келген.

Бұл туралы New York Post хабарлады деп жазады, Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ирландиялық азамат соңғы кездері өзін нашар сезініп, жиі құлай берген соң дәрігерлерге жүгінген. Бұдан басқа, ол денесінің сол жақ бөлігінің әлсіз екеніне шағымданған. Ол денсаулығындағы осы мәселелерге алаңдағанын айтып, көру, есту, сөйлеу қабілетінде ешқандай алаңдаушылық жоқ деген.

Ауруханаға барған ер адам компьютерлік томографияға түскенде оның миының оң жақ бөлігінде ауа қуысы пайда болғаны белгілі болды. Ауа диаметрі тоғыз сантиметр болатын қуыста орналасқан.

Науқас кейін магнитті резонанстық томография бойынша қосымша тексеруден өтті. Оның басынан үлкен остеома табылды. Дәрігерлер оның аса қауіпті емес сүйек ісігі екенін түсіндірген. Бас сүйектегі ісік осы уақытқа дейін ұлғайып, содан он жақ ми қыртысында қуыс қалыптасқан.

Дәрігерлер науқасқа ауа толтырылған қуысты тазартуға және бас сүйегіндегі ісікті алып тастауға болатын айтып, ота жасауды ұсынды. Алайда ер адам ота жасатқаннан қандай зардаптар келетін ойлап, хирургиялық емдеуден бас тартқан. Науқас сүйек ісігінің аса қауіпті емес екенін білген соң, ауруханадан шығып кеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Адамзат 2600 жылы жойылады: Стивен Хокингтің үш болжамы

Аяғының ұзындығы 108 сантиметр болатын бойжеткен желіде танымал болды

Әйгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Қызыл теңізге демалуға барған әйел дәл судың ортасында босанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар