Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жасында бойы екі метр болған бала рекордтар кітабына енуді армандап жүр (фото)

Бойы екі метрге жуықтайтын сегіз жасар оқушы құрдастарымен бірге ойнауға еш қысылмайтынын айтып жатыр. Тіпті, сыныпта сабақ оқып отырғанда да бойы үшін алаңдамайды екен. Кішкене Каран Сингхтың бойы әйгілі Владимир Кличконікімен бірдей. Жасөспірімнің баскетбол ойнайтын анасы да бойшаң.

41691BA100000578-4602518-image-a-12_1497444654796

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Каран әлемдегі ең бойы ұзын адам атанып, ата-анасын қуантпақ. Алдағы уақытта рекорд орнатуды жоспарлап жүр екен. Оның 33 жастағы анасы Швитлану кәсіби баскетболшы. Бүгінде Каран мен әкесінің бойы бірдей.

“Біз Каранды эндокринолог маманға жиі тексертіп тұрамыз. Осы уақытқа дейін анализдер теріс нәтиже көрсеткен емес. Мұнымен қатар, төзімділік мәселесіне келген кезде де аса қиналмайды. Бар болғаны оған киім сатып алатын кезде ғана қиналамыз”, – дейді анасы.

41691B5800000578-4602518-image-a-19_1497444731624

Каранның өзі сабақтан қолы босай салысымен баскетбол ойнап жаттығатынын айтады.

416919BD00000578-4602518-image-a-2_1497444118103

4169193C00000578-4602518-image-a-1_1497444089169

“Үй тапсырмасын жасап болған соң, бірден баскетбол ойнауға кірісемін. Артынша анаммен де баскетбол ойнаймын. Спорттан бөлек, ғылымға ерекше қызығамын. Анам секілді бойшаң болған ұнайды. Мен бойымның бұдан да ұзын болғанын қалаймын”, – дейді Каран.

новый коллаж

41691C1900000578-4602518-image-a-18_1497444728371

Каран туа салған кезде Гиннесс рекордтар кітабына тіркелген. Ол аталған кітапқа тағы бір мәрте тіркелуді армандап жүр.


Жіберіп алмаңыз:

42 жастағы келіншек жұртты мінсіз дене сымбатымен тамсандырып жүр (фото)

Басы екі есе ұлғайған бүлдіршін отаға жетпей шетінеп кетті (фото)

99 қарбыздың көмегімен сүйіктісінен кешірім сұрамақ болған жігіттің жоспары іске аспады

Жанкүйер қыз Роналдудан өзін әйелдікке алуын сұрады

Талқылау