Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 8 жасар баланың мұрнын ит қауып алды

Қостанайда 8 жасар баланың мұрнын алабай иті қауып алды, деп хабарлайды Stan.kz.

2001

Қазір екінші сыныптың оқушысы К.Жәңгір Қостанайдың облыстық ауруханада жатыр. Оған ота жасап, мұрнын терісін қалпына келтіреді.Жәңгір анасымен бірге көршілерінде қонақта болған. Негізі ит тор қоршауда болатын. Ол жерден қалай шығып, неге балаға атылғаны белгісіз.Алайда, иттің иесі 15 жылдың ішінде мұндай жағдай бірінші рет болғанын айтты. Енді ол жауапкершіліктен қашпай, баланың еміне көмектесуге дайын. Ал балаға қапқан ит қазір мал дәрігердің бақылауында. Одан барлық инфекция бойынша анализ жасалуда. Қажет болса ит өлтіріледі.

Талқылау