Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75 жастағы қарт велосипедпен Меккеге аттанды 

Өзбекстанның Наманған облысы Чартак ауданының зейнеткері Хусан Ходжибаев велосипедпен Сауд Арабияға қажылыққа аттанды. Қазіргі кезде ол Бұхара облысында жолда кетіп барады.

A01888C3-86C1-45EC-AA6B-8B9CC3A3D0C4_cx0_cy3_cw0_w1023_r1_s

75 жастағы Хусан Ходжибаев велосипедпен 2 маусымда жолға шыққан. Ол 7 маусым кешкісін немесе 8 маусым таңертең Түркіменстанға жетуге ниетті.

Зейнеткер Ходжибаев Түркіменстан және Иран арқылы өту визасын алмаған. Бірақ, оның сөздерінше, Өзбекстанның визасы бар, ол осымен өзге елдердің шекарасынан өте алады.

2016 жылдың қыркүйегінде Хусан Ходжибаев велосипедпен Самарқанға, елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің басына барған. Зейнеткер ол кезде Каримовтің басына құран оқу үшін 500 шақырым жол жүрген. Facebook қолданушылары сол кезде оның сапарын «кіші қажылыққа» теңеген.

Ислам діні бойынша Меккеге қажылыққа бару – мұсылман баласының бес парызының бірі болып саналады.

Тағы да оқыңыз:

Әлемдегі ең қымбат спортшы қажылыққа барды (видео)

Анасын жоғалтып алған жігіт оны 5 жылдан соң Меккеде кездестірген

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қызы арманын орындаған соң көз жұмды

Талқылау