Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасын жоғалтып алған жігіт оны 5 жылдан соң Меккеде кездестірген

Палестиналық мұсылман жігіт Имамуддин Хамаш Газа секторындағы топалаң кезінде анасымен ажырап қалады. Арада бес жыл уақыт өтсе де зарыға іздеген анасымен жолығу нәсіп болмаған еді.

A Palestinian man bids farewell to his mother, who is preparing to leave for the annual Haj pilgrimage in Mecca, in Gaza City August 30, 2016. REUTERS/Ibraheem Abu Mustafa - RTX2NKGJ

Алланың қалауымен қажылық сапарында арманы орындалып, ойламаған жерде анасын кездестіреді.

Хамаш Мекке қаласына Сауд Каролдігінің патшасы Салманның Палестиналық 1000 қажыға бөлген арнайы шақыртуы бойынша ұлы сапарға келген болатын.

«Сауд патшасының қайырымдылық бағдарламасы Газаның тосқауылын күл талқан етті», – деп Хамаш толқыған сезімін жасыра алмады.

Сондай-ақ, анасы басқа балаларымен Әр-Рияд қаласында тұратынын да тілге тиек етті. Көзіне іркілген жасты сүртіп, толғанысын жасыра алмаған Хамаш:

«Қасиетті жерге келіп ақ сүтін аямаған анамды жолықтырамын, қайта тауып аламын деген ой мүлдем басыма келмеген еді», – деп Аллаға мақтаулар айтып, шүкірліктер келтірді.

 

Талқылау