Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ұрылар кәсіпкердің жақындарын аяусыз ұрып ақша талап еткен

ШҚО-ның Жарма ауданында жергілікті кәсіпкердің үйіне қаруланған ер адамдар шабуалдаған. Болжам бойынша, олар ақшаны қайда сақтағанын білу үшін үй иелерін үтікпен қорқытқан.

f9658db2c83919a245f6e2090db61ade__750x416

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

Тергеу бойынша, күдіктілер Алматыда қылмыс жасауды жоспарлаған. 5 қасгөйдің төртеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, біреуі ШҚО-ның тұрғыны. Ол аудандағы кәсіпкердің үйін көрсетіп, өзі көлікте отырған.

Бетперде мен қолғап киген ер адамдар үй ішіндегілердің бәрін ұрып, кісендеп тастаған. Кәсіпкер әйелдің өзі бұл кезде үйінде болмаған. Күдіктілер үйдегі адамдарды ыстық үтікті көзіне кіргізбек болып және саусағын кеспек болып қорқытқан.

Тонаушылар үйден 800 мың теңгеге жуық ақша алып, Алматыға аттанған. Олар бінеше күннен соң ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Астанада ұрылар бір апта бұрын ғана орнатылған қоқыс контейнерін ұрлап кетті

Дубайда тұратын бай қазақстандықты үй қызметшілері тонап кетті

Атыраулық полицейлер өзбек гастарбайтерлерін тонап келген

Талқылау