Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді

16 қаңтар күні таңда оянған 7 жасар Жақшылық Шерәлиев тек құлап жатқан өз үйін көрген. Ол Шерәлиевтер отбасынан тірі қалған жалғыз адам.

D9811245-B36F-4C5A-8417-02BFB0F45472_cx0_cy10_cw86_w987_r1_s_r1

Бұл туралы Азаттық Қырғыз қызметі хабарлайды.

Оның 26 жастағы ата-анасы мен екі қарындасы үйлердің төбесіне құлаған ұшақ апатынан қаза тапқан. Баланы журналистер Сокулук аумақтық ауруханасынан табады. Оны жедел жәрдем арқылы 10:00-де жеткізген екен. Аз-маз жарақат алған оның миы шайқалған, өзі есеңгіреген күйде. Дәрігер баланың жағдайы тұрақты екенін, бірақ оған психологиялық көмек ауадай қажет екенін айтуда.

Жақшылық қиын жағдайына қарамастан өзін бекем ұстап, күліп, әңгімелесуге тырысады.

“Мен жауынгер болғым келеді. Өйткені олар Отанын қорғайды”, – дейді ол.

“Ұшақ жарылды. Сосын бүкіл үйді жаншып қалды. Адамдар өлді. Милиция келіп, артынша жедел жәрдем келіп қайтыс болғандарды алып кетіп жатты. Маған көршілерім жылы киім беріп, жедел жәрдемге отырғызды. Енді осындамын. Анам жаққа қарай алмай, үйден жүгіріп шықтым”, – деді ол.

Олар сол күні түнде атасының үйіне барған. Жақшылық атасының үйінде қалуға әкесін көндіруге тырысыпты. Алайда әкесі көнбей түн ортасында үйге қайтып келеді. Олар таңғы 5-терде ұйқыға жатқан. Барлығы бір бөлмеде болыпты. Ал таңертең оянғанда бала, үйдің іргетасынан басқа ештеңе көрмеген. Баланы бірінші болып әжесі іздеп келген. Ол немересін көрген бойда қан қысымы көтеріліп, өз-өзіне келе алмаған.

Одан соң Бақытгүл есімді туысы келіп, Жақшылыққа қарай бастайды. Баланың әр сөзі, күлкісі туысқан әпкесінің жүрегін елжіретіп, көз жасын тыя алмайды. Балаға да ештеңе жеткізе алатын емес.

“Бала әзірге ата-анасының жоқ екенін білмейді. Бірақ ол маған: “ата-анамды күтпеңдер” деп айтады. Әлденені жүрегі сезетін сияқты. Тек әжесін ғана сұрай береді. Ол қайтып келемін деп уәде берген. Әрине, біз оған барынша қамқор болуға тырысамыз. Бірақ, ешкім ата-анасының орынын баса алмайды”, – дейді Бақтыгүл.

Еске сала кетейік, кеше таңғы 7.30 шамасында Дача-Суу ауылына Boeing 747 лайнері құлады. Гонконгтан Ыстанбұлға бағыт алған ұшақ Бішкек әуежайында жанармай толтырып алмақшы болған. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр. Соңғы деректер бойынша 40-қа жуық адам қаза тауып, 13 адам жараланған. Бүгін, 17 қаңтар көрші мемлекетте қаралы күн болып жарияланды.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы мүмкін

Егіздер әр жылы дүниеге келді

Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген

Ыстанбұлда түнгі клубта адамдарды қырып салған террорист қолға түсті

Талқылау