Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 баламен көше кезген келіншекке қайырымды жандар үй салып бермек

7 баласын жетектеген батыр анаға жұрт жұмыла көмектесіп жатыр. Шиеттей бала-шағамен көше кезген келіншек жайында өткен жұмада ғана көрсетіп едік, деп хабарлайды КТК.

0-1321829401_human-evolution223

Жомарт жандардың арқасында, Шынар Сәрсенбаеваның өмірі екі күнде өзгеріп шыға келді. Бала-шағаның көз жасына бей-жай қарай алмаған жандар 2 жарым миллион теңге жинап беріп, пәтер жалдап берген. Тіпті, басыбайлы жаңа үй салып берудің қамына кіріскен Атымтай-Жомарттар бар. Көптен бері тоя тамақ ішпей, көңілдері енді көтерілген жанұяның жайын Аида Мағыпар айтсын.

Бұл отбасының қиын жағдайы қайырымды жандарды елең еткізбей қоймады. Көшеде ас ішіп, шөп арасында түнеген шиеттей бала-шағаны арнамыздан көргендар қолдан келер көмегін арқалап осында ағылыпты. Ішіп-жем, киім-кешек, тіпті 3 айға пәтер де жалдап берген.

“Маған КТК-дан көрген, интернет қараған кісілер келіп керекті қаражат, азық-түлік, киім, көрпе сатып алып берді. Енді матрас та сатып алып береміз, төсек қарастырамыз деп отыр. Бір кісілер үстел де алып келді. Рахмет оларға”, – дейді Шынар Сәрсенбаева.

Тіпті, қайырымды жандардың бірі бұл отбасыға басыбайлы үй салып беруге кіріскелі отыр. Ал оған дейін жалдамалы болса да 7 баланың жатар орны, ішер асы бар. Бір күнде бұлай өмірлерінің өзгеретінін ойламаған отбасынының алғыстан басқа айтары жоқ.

“Енді мен өзімнің сезімімді айтып жеткізе алмаймын, қатты толқып қуанып жатырмын. Аяқ асты болып кетті. Рахмет сіздерге көп, ктк арнасаына да рахмет, осылай көмектескендеріңізге. Бұйыртса үйді салып болған соң барлығынызды қонаққа шақырамыз”, – дейді Шынар Сәрсенбаеваның қызы Сымбат Сәрсенбаева.

Қазірдің өзінде қайырымды жандар 2 жарым миллион теңге жинап берген. Дегенмен, қаржылай көмек берерде сақ болған жөн. Өйткені, Шынар Сәрсенбаеваның атын пайдаланып, ақша тапқысы келген алаяқтар да шығыпты. Сондықтан, қол ұшын бермес бұрын, батыр ананың өзімен алдын ала хабарласып алған абзал.

Тағы да оқыңыз:

Оралда салынып жатқан нысаннан cәби табылды

Қызылордалық кәсіпкер көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады

Ерлі-зайыпты 88 мүгедек баланы асырап алған

Зымыранның құлауынан зардап шеккен науқас туралы дәрігерлер айтып берді

Алматы-Қапшағай жолында қызмет етіп тұрған полицей қаза болды

Талқылау