Мұхтар Шаханов: Казір кім жағымпаз, кім туфли жалағыш – соның дәурені жүріп тұр

Сейсенбі, 12 Шілде , 2016 8:19

Танымал ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Замана басылымына сұхбат беріп, қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде пікірін ашық айтты.

3401c8118bde48416c48e40e2bc8c486

“Жердің біраз бөлігі әлдеқашан сатылып қойған. Тіпті мынау Төлеби ауданындағы ең шұрайлы Қасқасу деген жердің біраз бөлігін біреулер жекеше­лендіріп алған. Онымен қоймай, ол жерлерді араб­тарға жалға беріп тастаған. Соның кесірінен қазір жергілікті тұрғындар малын жая алмайды, емін-еркін кіріп-шыға алмайтын болды. Ал енді осы сияқты мәселе барлық өңірде кездеседі. Бірақ ол нәрсе еш жерде ашық айтылмайды. Осы мәселені біз Жер комиссиясының отырысында ортаға салдық.

«Жер шетел­діктерге де, жергілікті тұрғын­дарға да сатылмасын. Тек жергілікті халыққа ғана жалға беру керек», – деп ұсыныс айттық. Жер комиссиясында 75-тен астам адам бар, соның 59-ы «Жерді шетелдіктерге сатқан, жалға берген дұрыс болады» дегенді қолдады. Ал бар-жоғы 11 адам жаңа мен айтқан көзқараста болдық. Кейіннен әлгі 11 адамның тағы бір-екеуі комиссия құрамынан шығып кетті, сонымен қалған 8-9 адам жағаласып келе жатыр­мыз. Менің жерді бөтеннің қолына беруге білдірген қарсылығым ешқашан өзгер­мейді. Осы айтқанымыздан қайтпаймыз. Ақырына дейін барамыз деп отырмыз. Бізді әлгі комиссияның құрамына елден қорыққанынан ғана кіргізіп отыр. Ал бірақ өздері жердің сатылуына мүдделі. Өйткені олар жердің көп бөлігін әлдеқашан сатып қойған”, – деп жайып салды Шаханов.

Сондай-ақ, ақын күрмеуі шешілмеген қазақ тілінің мәселесіне де аз-кем тоқталып өтті.

“Мәселен, біз жыл сайын мемлекеттік тілді қолдау акциясын өткіземіз. Мемле­кеттік тіл дегеніміз тек маған ғана тиісті нәрсе емес, оны өздеріңіз білесіздер. Бірақ қазіргі кезеңде соған жанашырлық танытайын, қаржылай қолдау көрсетейін деген бірде-бір кәсіпкер жоқ. Біздегі кәсіпкерлердің көбі – космополиттер. Биліктегілердің де 75-80 пайызы өз ана тілінде оқи да, жаза да алмайды. Оларға ұлттың керегі жоқ, тілдің де қажеті шамалы. Сондықтан ондайлардан үміт күтудің өзі бос әурешілік деп есептеймін”, – деді ақын.

Сонымен қатар, Шаханов өзінің қанша айлық алатынын да жасырмады. “Жалын” журналының бас редакторы ретінде ол 150 мың теңге жалақы алып келген екен. Алайда, соңғы алты айдан бері бұл жалақысы да қолға тимей, кешігіп жатқан көрінеді.

Ал енді тағы бір «қыл­мысымды» айтайын, ел біле жүрсін. Жаңа айтып өтке­німдей, мен «Жалын» жур­налын басқарамын ғой. Бір күні біздің редакцияға тексеру келді. Әлгілер әр нәрсені бір шұқылап, тірлігімізден кемшілік таппаған соң «суды мөлшерден артық қолданған, көп ішіп қойған» деген тұжырымға келіпті. Сөйтіп маған 287 мың теңге айыппұл салыпты. Содан салық комитетіне шақыртты, бар­дым. Ол жердегі адамдар мені әбден сандалтты. Бейшаралардың тірлігіне әбден ашуланып, шығып бара жатыр едім, бір кісі: «Ойбай, Мұха, сіз бе?! Мен сіздің шығармаларыңызды сүйіп оқитын оқырмандарыңыздың бірімін», – деп құшақтай алады. «Сіз кімсіз?» – деп едім, өзін осы салық комитетінің басшысымын деп таныстырды. Қысқасы, не керек, бізге тексеру жүргі­зілгенде демалыста болған екен, барлық істі оның орынбасары Мәдениет минис­трлігінің тапсырысы бойынша орындапты. Яғни министрлік­тегілер Шахановтың редакция­сынан бір кілтипан табыңдар деп тапсырма берген екен. Міне, менің осындай «өте ауыр» екі «қылмысым» та­былды.

Жіберіп алмаңыз:

Айқынның хит әнінің сөзі Шахановтың өлеңінен ұрланған сияқты

Жүрсін Ерман Мұхтар Шахановтың ұстанымын сынға алды

Мұхтар Шаханов Жер кодексін қайта қарайтын комиссияның мүшесі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар