Мұхтар Шаханов Жер кодексін қайта қарайтын комиссияның мүшесі болды

Жұма, 13 Мамыр , 2016 11:03

Елімізде үлкен дау тудырған Жер кодексін үкімет ақыры қайта қарауға кірісті. Шулы құжатты терең зерделеу үшін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия құрылды деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

69653

Сурет: www.qazaquni.kz 

Оған бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік етеді деп хабарлайды арнасы.

Үкіметтік комиссияға әр аймақтан 75 адам кірген. Оның құрамында жауапты шенеуніктер, саяси партия жетекшілері, шаруалар, ғалымдар, оппозиция мен қоғам белсенділері бар. Алғашқы отырыс алдағы сенбіге, яғни 14-ші мамырда өтпек.

Айта кетсек, жерді аукцион арқылы сату мен шетелдіктерге 25 жылға жалға беруге қарсылық танытқан халық бірнеше қалада наразылыққа шыққан болатын. Жағдай ушыға бастаған соң президент Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне бір жылға мораторий жариялаған еді. Бұл даудан кейін реформаны жұртқа дұрыс түсіндіре алмаған Ұлттық экономика мен Ауыл шаруашылығы министрлері отставкаға кетті. Енді даулы құжат қайта қаралып, сату мен жалға беру жайы түпкілікті шешілуі тиіс.

“Комиссия бiздiң азаматтарымыздың пiкiрталастарының барысы туралы барынша шынайы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде алуы үшiн жұмыс iстейді. Бұдан бөлек, арнайы Jerturaly.kz порталы iске қосылып отыр. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады. Бұл сайтта адамдар көкейтестi сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Call-center жұмыс істейді”, – дейді  премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Жер туралы комиссияның құрамына кіргендер қатарында танымал саясаттанушы Айдос Сарым, ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай, ақын Жүрсін Ерман, “Болашақ” қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұратов, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, мәжіліс депутаты Владислав Косарев, танымал экономист Олжас Құдайбергенов, Атыраудағы жер туралы митингті ұйымдастырушылардың бірі Макс Боқаев сынды азаматтар бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Кадыралы улы Берик says:

    Арбыр казактын атабабалары колшокпармен сонау киында сауатсыздык кезендерынде ие болып сол жерлерды игерып журген кездеры дурысау кайта оралатын машина времени болса шыркын таза ауа барлык тагамдар таза витаминга бай ал казыр не пайдасынан зияны коп асыресе жогарыдагылар не ойлап алде несымен милары су аралас самопалма деп коям егерде расын айтсам баягы жерлерды кайтарудын орнына Астраханнан бастап Орынбор,Омбы,Томбы,жане Томен ол солтустык онырлеры бызге тиесылы тагыда Димаш агамыздын алдында уакытша болган уйгыр Юсупов акамыз Онтустык Казахстан облысынын 5-6 ауданын бересалган оз жекеменшыгы секылды соларды неге керы кайтаруды ешкым соз кылмайды керысынше Шыгыс жактагы жерлерды кытайга тузеп сызгышпен сызып бересалган кезындегы орыстар согысып тартып Берген жерге ие боламаганына таным бар неге Или озенынын бастамасы Урымшы жактагы жерлерымызды керы кайтармаска олар балаларына сабакта жеография панынде Алматы Талдыкорган облыстары сонау Балхаш колымен коса быздын кытай жеры деп сабакты откызеды. Билыктегылерге айтарым егерде сол жерлерды кайтаралмасандар несыне Адам кейыпын танытып журсындер оданда енболмаса быр жерлерынды такымга кысып отырсандаршы ел журтка кулкы болмай сырттагы, коршылерден олардында арасында тарихты былетындер аз емес о дуниеде жауапка тартылмайтын кунага батпай жай гана журындер жарайма дау дамай шыгармай оздерыне жау кыскасы ызденбей тынышкана омырден отындер!!!

  • Анонимно says:

    Ұлт жанашырлары аман болсын

  • Жұмбақ жан says:

    Мұхтар ағамыз бар екен оған да шүкір сенетін адам сол кісі

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар