Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

68 жастағы әйел немересімен бір күнде диплом алды

АҚШ-та 68 жастағы зейнеткер мен оның 22 жастағы немересі бір күнде университет бітірді. Бұған дейін әжесі мен немересі үй тапсырмасын бірге орындап, емтиханға да бірге дайындалып келген.

68 жастағы әйел немересімен бір күнде диплом алды

Бұл туралы шетелдік CTV арнасына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өткен жылдың мамыр айында 68 жастағы Тереза Лайлз бір кездері өзі тастап кеткен университетті бітірмекші болған. Ол 1967-1970 жылдары аралығында студент болып, үш курсты аяқтаған. Сондықтан да диплом алу үшін оған небәрі 6 сабаққа қатысу қажет болған. Бір кездері әжесі оқыған университетте бұл күндері оның немересі Зури Лайлз оқып жатқан.

Осы орайда әжесі мен немересі бірігіп үй тапсырмасын орындап, емтиханға бірге дайындалып келген. Қаңтар айында Зуридің анасы көз жұмған. Сол шақта бойжеткен оқуын тастап кеткісі келген. Алайда әжесі оқудан шығу арқылы анасын қайтара алмайтынын айтып, немересін тоқтатқан. Мамыр айының басында екеуі диплом алып, оны табыстау салтанатына туыстарын шақырған.

Тағы оқыңыз: 

Оңтүстік Қазақстанда экстремистік идеология туралы насихат жүргізген 8 адам ұсталды

Әйелі әуежайда күйеуін ашынасымен бірге ұстап алып масқарасын шығарды (видео)

Өз қыздарынан жас көрінетін 43 жастағы әйелге олардың жігіттері көз салып жүр (фото)

Киевте Қауіпсіздік қызметі қазақстандық журналисті ұстады (видео)

Талқылау