Астанада үйден ақша ұрлаған қыз бен оның 2 жасар інісі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бейсенбі, 7 Шілде , 2016 17:48

Астанада елорда күнінде 14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен оның 2 жасар інісі Асқар Нұрәлі жоғалып кеткен.

Безымянный

Жасөспірім мен қыз бен інісі 6 шілде күні таңертең үйден шығып кеткен. Сол уақыттан бері олар туралы көрген-білген ешкім жоқ. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

a673d7f865b1d4dbe5511bc6b9c5d175

“Ол қалаға серуендеп шығамын деп ескертпеді. Неліктен сол күні көшеге шыққысы келгенін білмейміз. Ол күні ешқандай да ұрыс болған жоқ. Оны үйде ешкім ренжітпеді”, – дейді анасы Нұрсұлу Тізекбаева.

Туыстарының айтуынша Жансая қара түсті көйлек, ақ костюм киген. Оның бойы – 168 см. Ал екі жасар Асқар ала түсті жейде киген.

1f1f0e7f48b184b1e8e413f91e93ec11

“Аталған дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың жүрген жерлерін бағдарлау үшін Астана қалалық ІІД жеке құрамы, Алматы облысы полициясы, көліктегі ІІД қызметкерлері жұмылдырылды. Арнайы тексеріс барысында қыздың үйге жазба қалдырып және 40 мың теңге алып кеткені белгілі болды”, – деп хабарлады Астана қалалық ІІД.

Қыз бен оның інісі туралы ақпарат білге адамдар мына нөмірге және мекен-жайға хабарласса болады: Астана, Бейбітшілік көшесі, 19. Телефондар: (87172) 71-60-22, 71-65-53, 71-60-10, 71-65-29, 8-775-352-39-65.

Туыстары +77024378510 немес +77085490848 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар