54 жастағы әйел суррогаттық жолмен өз немересін дүниеге әкелді

Жұма, 18 Тамыз , 2017 14:09

Ана баласының бақыты үшін бәріне де барады. Алайда 55 жастағы Трэйсидің әрекетін ешбір ана жасай алмас. Ол 32 жастағы қызы бала көтере алмағандықтан, суррогат ананың қызметін атқарып, ақыр соңында өз немересін дүниеге әкелген.

Tracey-Thompson-and-daughter-Kelley

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Трэйсидің қызы Кейли бірнеше рет ЭКО-ға жүгініп көрген, одан бөлек үш рет түсік тастаған. Алайда Жаратқан оған бала сүю бақытын бермепті.

Кейли анасына өте жақын болып өсті. Қатарластары түнгі клуб жағалап жүрген кездің өзінде ол үйде анасының жанында отырғанды жөн көретін. Ал Трейси гүлдей құлпырған қызының бойжетіп, сүйіктісін кездестіргенін көрген кезде бақытты жанға айналғанын жасырмайды.

«Қызым Ааронмен 2009 жылдың қыркүйегінде танысты. Сол сәтте-ақ, жалғыз махаббатын кездестіргенін түсіндім», – деп бөлісті анасы.

Үш жыл қыз-жігіт болып кездесіп жүрген жұп ақырында шаңырақ көтерген-ді. Бұдан кейін Трейсидің балалы болудан өзге арманы қалмаған еді.

6 ай бойы жүкті болуға тырысқанымен, еш нәтиже шықпағандықтан жұп дәрігерге қаралған. Алайда медицина мамандары екеуінің хромосомаларын тексеріп, бала сүйе алмайтындарын кесіп айтқан екен.

Kelley-and-Aaron-with-daughter-Kelcey

«Кейлидің ЭКО жасатып, бірнеше рет түсік тастағанын көргенде жүрегім ауырды. Дәрігерлер не болып жатқанын түсіндіре алмады. Үшінші рет 2014 жылы ішінде 7 апталық баласы болған кезде түсік тастады», – деп еске алды Трэйси.

Бұдан кейін Кейли тағы да бір рет бала көтеріп, одан айырылып қалса, тағдырдың бұл соққысына төзе алмайтынын түсінген. Мұнысын дәрігерге жеткізіпті.

Ақ халаттылар суррогат ананың көмегіне жүгінуге болатынын айтқан. Сонда Кейлидің 54 жастағы анасы ойланбастан өзін ұсыныпты.

Тексерістен өткізгеннен кейін дәрігер, Трейсидің жатырының бала көтеруге жарамды екенін анықтап, келісім берген-ді.

Ал баласы үшін жаны ауырған ана өз денсаулығы туралы ойламағанын айтады.

Tracey-Thompson-Kelley-and-Aaron

Эмбрионға дайындық барысында Трейси гормоналды дәрілер қабылдап, жеті күннен кейін жүкті екенін білген.

«Мен өз немереме жүкті болдым», – дейді Трейси.

2016 жылдың қаңтарында Трейси ауруханаға түсіп қалып, екі күннен кейін кесар тілігі арқылы мезгілінен бұрын қыз босанды. Жұбайлар оны әжесі мен анасының құрметіне Келси деп атады.

Жіберіп алмаңыз:

Түркияда автобус ішінде ұмыт қалып кеткен 3 жасар бала көз жұмды

Барселонада теракт болып, 18 елдің азаматтары зардап шекті

65 жыл отасқан жұп эвтаназия қабылдап бір сәтте көз жұмды

Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар