Түркияда автобус ішінде ұмыт қалып кеткен 3 жасар бала көз жұмды

Жұма, 18 Тамыз , 2017 12:52

Түркияда мектеп автобусының жүргізушісі балабақша балаларды алып келіп, көлік салонында үш жасар Альперен Сакинді ұмытып кеткен. Оқиға Измир қаласында болыпты.

c966c6801086185a83611d5f943ac5cc__1440x

Фото: ©Flickr/Matt Perreault

Бұл туралы Hürriyet Daily News хабарлайды.

Баланы бірнеше сағат өткен соң ес-түссіз күйінде жатқан жерінен тауып алады. Оны ауруханаға жеткізгенімен, өмірін құтқарып қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлердің сөзінше, баланы медициналық мекемеге жеткізген кезде ол қайтыс болып кеткен.

Ал баланың әкесінің айтуынша, балабақша қызметкерлері бала түскі асқа оянбай қойды деп шындықты жасыруға тырысыпты.

“Оқиға 18:30 кезінде болды, ол кезде ешкім түскі ас ішпейді”, – дейді әкесі. Ал Альперен болса сырты жабылған ыстық автобустың ішінде 9 сағат бойы сусыз, тамақсыз қалып кеткен.

Кейін тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушісін қамауға алды.

Оқи отырыңыз:

Барселонада теракт болып, 18 елдің азаматтары зардап шекті

Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді

Аптап ыстықта көлікте ұмыт қалған сәби ажал құшты

Сауд Арабиясында ханзадалардың бірі өмірден озды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар