40 жылдан соң шындықты білді: Перзентхана қызметкерлері балаларды ауыстырып алған (фото)

Ресейдің Пермь өңірінде екі әйел 40 жыл бұрын перзентханадағы балаларын ауыстырып алғанын айтты.

Ата-аналар мемлекеттік органдармен және жергілікті ауруханамен соттаспақ.

1978 жылдың 7 наурызында екі қыз бала өмірге келген. Оларды шығарарда акушерлер нәрестелерді шатастырып алған.

Римма Швецова үнемі өзгенің баласын бағып жүрген секілді күмәнді ойда болған. Қызы есейе келе түрі де ата-анасына ұқсамайды. Сол үшін ерлі зайыпты арасында ұрыс та жиілеп кетеді.

Ал, екінші Савельевалар отбасында мұндай күмән болмаған. Қызының бөтен екенін мүлде білмепті. Олар қызының туған емес екенін Рима Швецовадан білген.

Швецова шындықты жариялап «Пусть говорят» бағдарламасына да қатысты. ДНК тестінің нәтижесін де көрсетті. Сотта өңірдегі Денсаулық сақтау министрлігі, қаржы министрлігі мен аурухана қызметкерлері жауап беруде.

Ресейде осыған ұқсас 3 жағдай болған. Оның бәрінде сот жәбірленушілердің жағында болды.

Тағы оқыңыз:

Алматыда мешітке келген орыс жігіті ислам дінін қабылдады (видео)

Қазақстанда қайыр сұрап жүрген қыз: Әке-шешеммен бірге тұрсам, киімім мен тамағым болса деп армандаймын

Қандастарымыз «қысым көріп жатырмыз» деп араша сұрап жатса, Қазақстан оларды қайта Қытайға жібермекші

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар