40-тан асса да қыздай көрінетін актриса жастығының құпиясымен бөлісті

Тайваньдық актриса Алисса Чиа жасы 40-тан асса да жас көрінеді. Өз кезегінде ол жастығының құпиясымен бөлісті, деп жазады Stan.kz.

Алисса Чиа

Чиа 44 жасқа толған туған күнін 35 жастағы күйеуі және үш қызыме бірге атап өтті. Қыздарының үлкені 13, ал кенжесі бір жасар.

«Туған күн – барлық әйел жақсы көретін әрі жек көретін күн. Үлкен қызым мені екі рет 22 жасқа толуыммен құттықтады», – деп жазды ол Weibo желісінде.

Пікір қалдырушылар актрисаның сұлулығына тамсанып, оның 18 жастағы қыздай екенін жазуда.

Өз кезегінде Алисса Чиа ішімдіктен мүлде бас тартып, кешке және түнде тамақ жемейтіндіктен сұлулығын сақтап қалғанын айтты. Сонымен қатар ол қуырылған және ащы тағамдардан бас тартуға тырысатынын жасырмады.

Алисса Чиа

Актрисаның сөзінше, ол ұйқыға ерте жатады.

«Ұйқыға жатардан екі сағат бұрын телефоннан алшақтап, үнемі жылы су ішіп, кемінде аптасына екі рет спортпен айналысамын», – дейді ол.

Сондай-ақ, актриса тыныға білуді ең басты ереже ретінде атады.

«Өзіңе деген махаббатты білдірудің түрлі жолы бар. Бетіңізге, табаныңызға массаж жасауға уақытыңыз бар екеніне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар өзіңізге демалуға мүмкіндік беріңіз», – деп жазды Чиа.

Алисса Чиа

Алисса Чиа Қытайда және Оңтүстік-шығыс Азияда танымал. Ол 16 жасынан бері жарнамалық роликтерге, тайваньдық телехикаялар мен қытайлық фильмдерге түсіп келеді. Сонымен қатар актриса телебағдарламаларды жүргізеді әрі әншілігі де бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар