Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

40-тан асқан Ләйлә Сұлтанқызы қайтадан студент атанды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қайтадан студент атанды. Ендігі ол бизнес әлемінің қыр-сырын үйренбек, деп жазады Stan.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы

Өз сөзінде Сұлтанқызы өзінің әр бағдарламасы, желі, кітап саласы, алдағы кондитерлік желісі жақсы табыс көзі екенін мойындады. Алайда қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын меңгеруге деген қажеттілік туындаған көрінеді.

«Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Анау жолы мемлекеттік грантқа таласпаймын, күйеуімнің ақшасына оқимын деп жазған едім ғой. Ағылшыннан тест тапсырдым, эссемді жаздым. Енді ресми түрде студентпін. Неге қажет болды? Менің шығармашылығымдағы әр этап жеке бір кейс-ау. Мысалы әр бағдарлама, желі, кітап саласы, алдағы кондитерлік желі мен қайта қолға алғалы отырған менторлық қызмет пен тренингтер бәрі жап-жақсы пайдасы бар (болатын) бизнес көзі. Қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын білу қажет болып тұр», – деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында.

Қайтадан студент атануға бел байлған Ләйләнің бұл жолғы таңдауы Астанадағы жоғары оқу орындарының біріндегі Бизнес мектебіне түсіпті.

«Неге Швейцария емес? Сол! Отбасы, баланың сабағы дегендей. Шынын айтқанда, Қайрат шетелге келіншегін жалғыз жібергісі келмейді», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау