Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталған 4 мыңнан астам отбасы мемлекеттік кепілдікке ие болды

Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» (е.ұ. «Байтерек» ҰБХ) тұрғын үйлердің құрылысының аяқталуына 17 кепілдік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

4 мыңнан астам отбасылары тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталысымен мемлекеттік кепілдік алды

Тұрғын үй құрылысының басым көлемі елдегі басты құрылыс алаңы болып табылатын Астана және Алматы қалаларына келеді. Сондықтан Қордың 90% кепілдігі аталған аймақтарға берілді.

Аймақтық құрылысшылар да Қорға түсіндіру үшін өтініш білдіруде. Қазіргі таңда Қордың құрылысты аяқтауына кепілдіктер Шымкент және Орал қалаларында тұрғызылып жатқан нысандарға берілді.

Заң талаптары бойынша кепілдік беру үшін Қор жалпы жоба құны 200 миллиард теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының нысандарын қарастырады.

Қазіргі уақытта жобалық құжаттама бойынша қарастырылған екі нысан мерзімінде пайдалануға берілді.

Бірінші болып БАЗИС-А корпорациясының 178 пәтерден тұратын астаналық «Миллениум парк» тұрғын үйі берілді. Тағы Астана қаласында мерзім бойынша ЖШС «Comfort Development» ұсынған «Алтын ұя» ТҰ-ның құрылысы аяқталды.

Биылғы жылдың желтоқсан айында Қордың кепілдігін алған БАЗИС-А корпорациясының тағы бір нысанының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Алматыда орналасқан «Легенда» тұрғын үйі 633 пәтерден тұрады.

«Біз алматылық құрылысшылардың Қормен бірлесіп жұмыс істеуге үлкен қызығушылық танытқанын байқап отырмыз. Қазір Алматы қаласынан көптеген құрылыс компаниялар бізге өтініш білдіріп, кепілдік алу механизімін зерттеуде. Демек, Алматы қаласының әкімдігі үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында үлкен жұмыс атқарып жатыр. Бұндай жұмыс Астана қаласында да қалпына келтірілді», – дейді «ТҮҚКБҚ» басқарма төрағасы Данияр Жұмашов.

Биылғы жылы Қор 15 кепілдік берді. Жалпы тұрғын үйлерінің құрылысы аяқталған 4 мыңнан астам отбасы мемлекеттік кепілдікке ие болды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау