3 жасар қыздың денесін тістеп тастап, мұрнын жұлып алған өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты
Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот үкімі бойынша 3 жасар қыздың өгей әкесі жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеп беруі тиіс.
«Сотталушы ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі, 3 және 11 тармақтары бойынша (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) кінəлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс», – деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.
Қылмыскер жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.
Оқи отырыңыз:
Елімізде «Тұлпар-Тальгоның» бірқатар пойызының билеті екі есе арзандайды
Дәрігерлер қайран қалды: Алматы облысында ер адамның бүкіл ішкі ағзасының орны ауысып кеткен
Астанада екі мыңнан астам сәби тегін берілуі тиіс құрғақ сүттен қағылғалы аш қалды
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты