Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі мыңнан астам сәби тегін берілуі тиіс құрғақ сүттен қағылғалы аш қалды

Астанада екі мыңнан астам сәби аш қалды. Себебі, ата-аналар 1 жасқа дейінгі ұл-қызына Үкімет есебінен тегін  берілуі тиіс құрғақ сүтті ала алмай жүр. Негізі дауға себеп болған тағам үшін бюджеттен 2 миллиардтан теңгеден астам ақша бөлінген екен. Екі баланың анасы Мария Булаева да мемлекеттен берілуі тиіс құрғақ сүтке қолы жете алмай жүр. Бұл туралы КТК хабарлады.

Астанада екі мыңнан астам сәби аш қалды

Қолындағы кішкентайы небары 6 айлық шақалақ. Бір қиыны  анасы сырқатына байланысты ұлын емізе алмайды. Сондықтан, дәрігерлер міндетті медициналық көмек ретінде тегін құрғақ сүт беріп келген. Оны Мария педиатордың рецепті бойынша ай сайын дәріханаға барып алып тұрыпты. Бірақ, соңғы бірнеше айдан бері кішкентай Макар сүттен қағылған.

«Соңғы рет былтыр желтоқсан айында алдық. Ол кезде үш айға жетуі үшін дәрігерлер сүтті көбірек берген. Енді ол таусылып, осы сәуір айына ала алмай жүрміз.  Заң бойынша тағам ай сайын балам бір жасқа толғанша берілуі тиіс. Бірақ, дәрігерлер сүт жоқ деп, ұлымды аш қалдырды»,-  дейді Астана қаласының тұрғыны Мария Булаева.

Аштан қалған жалғыз кішкентай Макар емес. Астана бойынша ыдыстағы құрғақ сүт аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан және денсаулығында кінәраты бар екі мыңнан астам сәбиге тегін берілуі керек. Негізі оның құны 3 мың теңге. Енді ұл қыздарына тиесілі тағамды ала алмағандықтан, ата-аналар өздері сатып алып жүр. Ал, дәрігерлер болса, сүттің жоғына біз кінәлі емеспіз деп жайбарақат жүр.

«Бізге байланысты емес. Өйткені, біздің мекеме емхана жоғарыдан келіп түскен дәрі-дәрмек пен балалардың тамағын  рецептпен бөліп береді. Аналарға. Қазіргі кезде ол тамақтар түспей отыр балаларға берілетін. Бұны денсаулық сақтау басқармасы біледі. Бұл тек қана біздің емес, бүкіл қаланың мәселесі»,-дейді Астана қалалық №1 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Нағима Әубәкірова.

Бір қызығы ақ халаттылар бар кінәні осылай Денсаулық сақтау министрлігіне жауып жатқанда, шенеуніктер керісінше сөйлеп отыр. Айтуларынша, шақалақтарды аш қалдырған дәрігерлердің өздері. Өйткені, бөбектерді құрқақ сүтпен қамтуға емханалар жауапты екен.

«Балалардың тағамын сатып алу, тарату жұмысын биылдан бастап емханаларға  тапсырылған. Тіпті, ол үшін жыл басында тиісті қаржыны емдеу мекемелеріне бөліп бергенбіз. Осы уақытқа дейін педиаторлардың сүтті неліктен үлестірмей отырғаны белгісіз. Шұғыл жиналыс өткізіп, мән-жайды анықтаймыз»,-дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Енді сәбилерге тағамның қашан берілетіні әзірге белгісіз. Негізі дауға себеп болған сүтті сатып алу үшін бюджеттен 2 миллиардтан астам қаржы бөлінген екен. Бірақ, асықпайтын шенеуніктер осы ақшаны сауатты жарата алмай отырғанға ұқсайды. Енді іске Денсаулық сақтау министрлігінің араласқанын ескерсек, бүлдіршіндерді аш қалдырғандар жаппай жазалануы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жантүршігерлік оқиға туралы мәлімет: Марқұм баланың туған анасы ұлын не үшін азаптап өлтіргенін айтты

Ақтөбеде тележүргізушінің лифтідегі өлімінен кейін кооператив төрағасы мен механик тергеуге алынды

Ақтаулық әйел өгей баласын 20 жерден пышақтап өлтірді

Қытайда 26 жастағы қазақстандық футбол ойынынан кейін қайтыс болды

Талқылау