Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

250 мың доллар жұмсап бет-әлпетін өзгерткен егіз қыздар осы істеріне өкініп жүр (фото)

Австралиялық 31 жастағы Анна және Люси де Синкуелер хас сұлуға айналып, бір-біріне одан сайын ұқсай түсу үшін 250 мың доллар ақшаны пластикалық операцияға жұмсаған.

fnboyjwgh1nnj0z6fetm

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Бірақ, қазір олар осы істеріне өкініп, табиғи қалыптарына келуге тырысып жатыр.

Ұқсайма? Анна мен Люси бір-біріне аса қатты ұқсау жолында аямай ақша шашқан. Жақында қыздардың денсаулығынан дисморфофобия деген ауру табылған. Ол сыртқы келбетіне қатты алаңдап шектен тыс күйгелектену дегенді білдіреді.

hrpqwit3i9zliwfhrjz1

Олар еріндерін үлкейтіп, жасанды кеуде салып, татуажды да аямай жасатады. Көздерін де косметикалық түрлі процедуралардан өткізеді.

Қыздар өз диагноздары туралы білгеннен бастап, табиғи қалыптарына оралуға тырыса бастаған.

kf2s2sks4p8kzzdansec

Олар қазір түрлі дәрілер арқылы дисморфофобиямен күресіп жатыр. Әйтседе әлі де болса косметикалардан бас тартқысы жоқ. Олардың ортақ жігіті Бен, қыздар косметикалық құрылғылармен сәнденіп жатқан кезде, толық бір романды оқып бітіруге болады деп әзілдейді.

kqokjgiknn9po9un5ezl

Қыздар бірқатар әдеттерін тастай алмай жүргендерін айтады. Егер біреуінің бетінде безеу пайда болса, екіншісі де үйден мүлде шыға алмай қалады екен.

majdwsnkt4tv6kp41ioq

Операция жасатқанға дейінгі келбеттері

qper7w1zjv6xstrsvyta

Қыздардың айтуынша, олар өмір бойы бір-бірінен мүлде алшақтап көрмегеен. Тіпті бір адамға күйеуге шығуға дайындалып жүр.

Олар бет-әлпеттерін өзгертуге құмар қыздарға алдымен ата-ана, сосын мамандармен ақылдасыңдар деп кеңес береді.

Талқылау