Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 жастағы қазақстандық Швейцария университетінде сабақ беріп жүр

Алматылық студент Александр Нигай Швейцариядағы Цюрих университетінде сабақ беріп жүр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170515092537

«Мен докторантурада оқып жатырмын, бірақ мен осы университеттің қызметкерімін. Қазіргі кезде университетте информатика пәні бойынша студенттерге шамамен аптасына үш сағат практикалық сабақ беремін, олар маған ол үшін ақы төлейді. Бұл дегеніңіз мен тегін білім алып жатырмын деген сөз»,- дейді Александр Нигай.

Александрдың сөзіне қарағанда, ол суперкомпьютерлік есептеуіш зертханасында қызмет етеді. Ол өзінің әріптестерімен бірге суперкомпьютерді барынша ыңғайлы және тиімді пайдалану бағыттарында жұмыстар жасауда екен. «Мені көптен бері суперкомпьютер, оларды пайдалану саласы қызықтырып жүр. Біз жұмыс жасайтын орталық суперкомпьютерлерді зерттеумен айналысатын Еуропадағы жалғыз зертхана болып табылады. Оның мүмкіндіктері зор. Мәселен, ауа-райын заманауи болжау дәл осы суперкомпьютерлердің көмегімен жүргізіледі», – дейді докторант сөз арасында.

Александр аталған университетте алты жылға дейін жұмыс жасай алады. Осы кезең ішінде ол докторлық диссертациясын қорғауы тиіс. «Мен кәсіби тұрғыдан дайын болған кезде ғана диссертацияны қорғауға өтініш беремін. Ал әзірге тәжірибе жинап жатырмын. Бұл жерде ешкім ешкімді асықтырмайды»,- дейді. «Жалпы Цюрихте өмір сүру қымбатқа түседі, сәйкесінше жалақы да жоғары. Жалпы қаланы мен Алматығыға өте ұқсатамын, әсіресе ауа райы сәйкес келеді. Мен тұратын үйдің қасында мамыргүл өседі, ол маған Алматыны еске салады»,- дейді Александр.

Әлемнің үздік университтердің бірінде білімін ұштап жүрген студент шетелде қалып қоюды мақсат етіп отырған жоқ. Егер оған қазақстандық компаниялар тарапынан  ұсыныстар түссе, ол елге оралуға дайын. «Мен болашақта шетелде тұрғым келмейді. Әрине, мен осы өмір салтына үйреніп қалдым. Бұл менің осында түпкілікті қалып қоюымды білдірмейді. Мен осы жерге келгенге дейін бір жыл Эдинбургте оқыдым. Бәрібір мен өзімді үйдегідей жайлы сезіне алмадым»,- дейді.

Айта кетейік, Цюрих университетінде 19 800 студент, оның ішінде 4 мың докторант білім алуда. Онда 500 профессор жұмыс жасайды.

Тағы да оқыңыз:

Атыраудан шыққан фотомодель фермерлікпен айналысуда

Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

Спорт пен ақындықты қатар алып жүрген қазақ прокурор желіде көзге түсті

Талқылау