Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

28 жастағы қыз өлгенде әдемі көріну үшін химиялық емдеуден бас тартты

Ұлыбританиядағы Уэст-Мидлендса қаласының тұрғыны Эми Редхед өзінің соңғы күндерін Бромсгров ауруханасында өткізіп жатыр. Онда ол колоректальды қатерлі ісікке шалдығып түскен.

Ауру белгілері 11 жасында анықтала бастаған. Сол кездің өзінде дәрігерлер оған қауіп төнгегін ескерткен. Оның өмірге деген құлшынысы басым болғандықтан, ауруына немқұрайлы қарап келген дейді Daily Mail. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алайда, Эми спортпен шұғылданып келгендіктен, ауруға шылдыққан адамға ұқсамайтын.

Тек, 28 жасқа келгенінде ауруға шыдамай, дәрігерлерге жүгінген. Қызға колоректальды қатерлі ісік деген диагноз қойылды. Өкінішке орай, ауру қыздың бүкіл денесін жаулап, бауырын зақымдаған. Дәрігерлерлердің болжамынша, қыздың бірнеше апта ғана өмірі қалған. Аз да болса өмірін ұзарту үшін, оған химиялық емдеу курстары белгіленді.

Бірақ, Эмидің шешімі дәрігерді ғана емес, оның отбасын да таң қалдырды. Ол химиялық емдеуден бас тартты. Эми өмірінің соңғы күндерін қуынышта өткізгісі келді. Қыз аурудан көз жұматынын білген соң, барын салып көңіл көтергенді жөн көрді. Өзінің туған күнін атап өтіп, жаңа жыл мейрамын отбасымен бірге қарсы алды. Оған қоса, әкесі Роберттің 76 жасқа толған мерейтойын да атап өтті.

«Эми сенімен өткізген соңғы мейрамдар үшін алғысымызды білдіреміз»,-дейді Эмидің 22 жастағы сіңлісі.

Эми жаңа 2018 жылға жеткеніне қуанып, құдайға алғысын білдірді.

«Бақытымызға орай, мен 2018 жылға дейін шыдадым. Келесі күнге дейін өмір сүре аламын деп үміттенемін. Соңғы екі аптада бойымды қорқыныш биледі. Сіздерге көп махаббат, денсаулық және бақыт тілеймін. Ертең видео саламын»,-деді Эми.

Қазір қыздың жағдайы ауырлап ауруханаға жатқызылды. Ол сол жерде тырнағына маникюр жасап, әпке-сіңлілерімен уақытын қызықты өткізуге тырысып жатыр.

«Ол әлі тірі. Соңғы минуттарға дейін аурумен күресіп жатыр. Біз оның жанында соңғы демі таусылғанша бірге боламыз»,-дейді Эмидің 22 жастағы сіңлісі.

Жіберіп алмаңыз:

Салмағы 5 жасар баланікіндей қыз анорексияны жеңіп, инстаграм жұлдызына айналды (фото) 

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады 

14 жасар қыз отбасын құтқару үшін әкесін атып өлтірді 

Америкалық мұғалім студенттермен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы екенін дәлелдемекші 

 

Талқылау