21 жастағы егіз қазақ жігіттер ұшақ басқарып жүр

Олег пен Жан есімді егіз қазақ жігіттер еліміздің ірі әуе компаниясында жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміздің ірі әуе компаниясында жұмыс істейтін ағайынды Жақыповтар «Жас Отан» жастар қанатының IV съезіне қатысты.

Олег пен Жан – егіздер. Екеуі де Қазақстанның ірі әуе компаниясында жұмыс істейді. Жолаушыларды елдің ішінде де, шетелге де тасымалдайды.

«Бала кезінде аспанды бағындыруды армандаған адам көп. Мен де армандадым. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебін бітіргеннен кейін мен «Ab-inito» пилоттарды даярлау бағдарламасына қабылдандым. Испанияның ұшу мектебінде арнайы дайындықтан өттім. 19 жасымда бір моторлы ұшақпен алғаш рет әуеге көтерілдім. Содан «коммерциялық ұшқыш» бағдарламасын сәтті аяқтап шықтым. 20 жаста мен екінші ұшқыш ретінде өзімнің алғашқы рейсімді орындадым. Қазір еліміздің ірі әуе компаниясында жұмыс істеймін» , – дейді Олег Жақыпов.

«Олег менен 7 минутқа үлкен. Сол себепті алдымен оған жол бердім (күлді). Мен де ұшқыш болуды армандадым. Қазір мен 21 жастамын. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебін тәмамдағаннан кейін мен пилоттарды даярлау бағдарламасы бойынша Ирландияда дайындықтан өтіп келдім. Бүгінде «Airbus-A320»-тың екінші ұшқышы болып жұмыс істеймін. 800 сағаттық ұшу тәжірибем бар. Барлық рейстер бойынша ұшып жүремін. Дубай, Мәскеу, Ыстанбұл, Дели, Қызылорда және тағы басқа қалаларға қатынаймыз. Мен ұшақпен әлемді аралап, шетелде оқитын қазақстандықтарды көргенде қатты қуанамын. Осының өзі еркіндік, бәсекеге қабілеттілік, экономикалық тұрақтылықтың белгісі болса керек», – деп атап көрсетті Жан Жақыпов.

Тағы оқыңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: “Ninety One” тобы халықтың көңілінен шығып жатса, бұл өте қуанышты жағдай

Мәдениет министрі жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевке кеңес берді

Журналист Мөлдір Әуелбекова құрған топтың қыздарына: Сендерге ана емес, сана керек

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар