Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедиұлы Жан Ахмадиевке жезөкшелерге қалай көмектесу керек екенін айтты

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабаған белгілі рэпер Жан Ахмадиевтің бейнеклипіне қатысты түсініктеме берді.

“Егер біз барлық жағдайды жасағанда, ол қыздар көшеде тұрмайтын еді. Біз, керісінше, олардың өз мамандықтарымен айналысуына көмектесуіміз керек. Мұндай жағдайдың көпшілікке тарағаны өкінішті-ақ әрине. Мүмкін ол (рэпер – автор ескерп.) өзінің атын шығарғысы келген шығар. Оның орнына сол қыздарға жақсы жұмыс тауып берсін, жағдай жасасын”, — деп кеңес берді министр “Жас Отан” жастар қанатының IV съезінен кейін, деп хабарлайды Sputnik.

Мұхамедиұлы рэперді жазалау-жазаламау құқық қорғау органдарының құзыретіндегі мәселе екенін атап өтті.

“Мен азамат ретінде мүлде қолдамаймын”, — деді министр.

Еске салып өтсек, “Қазақпыз ғой” YouTube-арнасында “жезөкшелерді қамшымен қуып жүрген” рэпердің видеосы жарияланды. Бейнежазбада Жан Ахмадиев қаланы аралап жүріп, жолдың шетінде тұрған жезөкшелермен сөйлеседі. Әңгіме барысында ол кенеттен қамшы алып шығып, қыздардың бірін сабай бастайды.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.

Тағы оқыңыз:

Журналист Мөлдір Әуелбекова құрған топтың қыздарына: Сендерге ана емес, сана керек

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Баян Алагөзова: Бұрынғының батырлары жерді қорғаған, бүгінгінің батырлары жезөкшелерді қамшымен сабайды

Талқылау