Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2035 жылы Жапонияны құлтемірлер жаулап алуы мүмкін

Алдағы 20 жылда Жапонияда адам жасайтын жұмыстың 50 пайызын роботтар дөңгелетіп әкетуі мүмкін. Бұл туралы ірі Nomura Research Institute (NRI) IT-компаниясы өздерінің жасаған сараптамалары негізінде жариялап отыр.

9f60bf7822a1e015fc56e758859b8451

Оксфорд университетінде тәлім беретін Майкл Осборн мен NRI зерттеу институтытының бір топ маманы 600-ден астам түрлі мамандықтарға ерінбей, жалықпай сараптама жүргізіп шыққан.  Осы арқылы олар қазіргі таңда адамзат қолымен жасалатын  қызмет түрлерінің 50 пайызын компьютерлік жүйеге орналастыруға болатынын дәлелдей алған.

Мысалы, Henna Hotel  қонақ үйінің робот қызметкері, міндеттерін адамнан артық орындамаса, кем орындамайды.

71f7091a391f4957a09ce1a96ec14b87

Мамандар зерттей келе, әсіресе, тамақ өнеркәсібі, жеткізіп беру, ауылшаруашылығы жұмыстары секілді салалардың компьютерлендірілуге бейім келетінін анықтаған.

Болашақта білім беру саласы, әдеби-шығармашылық орта, сондай-ақ медицина саласы да құлтемірлердің қолына көшіп қалуы ықтимал екен.

«Бұл сараптамаға аса мән берудің қажеті де жоқ. Бұл жәй ғана гипотетикалық есеп», – дейді зерттеуші Bakao.

Әйтсе де,  күншығыс елінде робот өндірісінің керемет жолға қойылып, қанатының кеңге жайып бара жатқаны адамзатты аталған мәселелер тұрғысынан алаңдатуы да мүмкін.

 

Талқылау