Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2019 жылдан бастап екі пән ағылшын тілінде оқытылады

2019 жылдан бастап жаратылыстану цикліндегі “Химия”, “Физика”, “Информатика”, “Биология” пәндерінің екеуін жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқыту жоспарланған.

Бұл туралы “Информатика”, “Физика”, “Химия”, “Биология” пәндері мұғалімдерінің біліктілікті жоғарылату курстарынан өтуіне қатысты өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.

“НБО-да 4 пән бойынша барлығы 31928 мұғалім бар. Оның 62%-ы ауыл мұғалімдері, қала бойынша 38%-ды құрайды. 2 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен 12 179 мұғалім тіл курстарынан өтті. Оның 750-і 2016 жылы оқытылса, биыл 11 429-ы тіл курстарынан өтті. Яғни жалпы 40%-ын қамтыды”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова.

Қазіргі уақытта тіл курстары Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, “Өрлеу”, “USTAZ Professional Learning Centre” ЖШС, “Astana School of Business and Technology” ЖШС, “Астана Білім Ордасы” ЖШС қатарлы алты ұйымда өткізіліп жатыр.

“Халықаралық емтихандарды тапсырған және оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде өткізіп жатқан пән мұғалімдері үшін 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап негізгі лауазымдық қызметақыдан 200% көлемінде қосымша төлем төленеді”, – деді департамент басшысы.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақтың салт-дәстүріне арналған монеталар айналымға шықты

Қазақстан K4 және K5 кластарындағы жанармайға көшеді

Өскемендік жасөспірім «ерекше» қолдың иесі атанды

Талқылау