Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал

2018 жылдың шілде айы достарыңызбен қарым-қатынастарыңызды жақсартып, достықтың қадірін бағалайтын кезең. Астрологтардың есебі бойынша, бұл айда көптеген жұлдыздар отбасылық құндылыққа мән беруі керек.

2018 жылдың маусым айына арналған жұлдыз жорамал

Осыған орай, Stan.kz ақпараттық агенттігі барлық жұлдыз белгілеріне арналған 2018 жылдың маусым айының жұлдыз жорамалын ұсынады.

Тоқты

Аздаған қиыншылықтарға қарамай жақындарымен қарым-қатынастың арқасында, тоқты осы айда аяғына тік тұрып, алға қойған мақсаттарына қарай жүреді. Айдың басында демалысқа шығып, жол жүріп қайткан дұрыс.
Айдың ортасы маңызды істердің кезеңі болмақ. Қызмет бабында жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол. Егер жұмыстан шаршағаныңызды сезсеңіз – үйіңізді өзгертіп, бар күш-қуатыңызды соған жұмсаған жөн.
Шілденің соңында жұмысты азайтқаныңыз дұрыс. Әріптестеріңізбен қиындық тууы мүмкін, қызметтегі даулар қаржылық жағдайыңызға да кедергі келтірері анық.

Торпақ

Торпақ батылдылықтың арқасында қатты қызығушылық танытып, абыройына кірбең келтіретін біршама ойламаған қателіктер жасауы мүмкін. Абайлап қадам басқаныңыз жөн. Айдың басы қаржылық қиындықтарға акеліп соғады. Сондықтан ақшаңызды үнемдеп, есеппен жұмсаңыз.
Шілденің басы қиыншылықтармен басталғанымен, ортасына қарай жалғыз басты торпақтардың жеке өмірінде өзгерістер болып, өз махахббаттарын кездестірулері ықтимал.
Шілденің аяқталуына қарай, махабаттың лебімен қаржылық мәселелерін шешіп, келер айларға үлкен мақсаттар қояды. Тек мақсаттарды орындау барысында артық қадам басып қоймаңыз.

Егіздер

Шілде айында болар қиыншылықтардан егіздер батыл әрі креативті ойларын жүзеге асыру арқылы өтіп кетеді. Әр қадамын аңдап басса, барлық кедергідерді тез жеңеді.
Егіздерге айдың басында алаяқтар жолығып, алдаулары мүмкін. Олардың уысына түссе, қомақты қаражат пен беделінен айырылады.
Айдың ортасында өзіне түскен ақпаратты дұрыстап саралай отырып, үлкен жетістіктерге жетеді. Ең бастысы – кездейсоқ қателіктің жоспарлаған ісіңізді құртпауына жол бермеу.
Егер айдың соңына дейін жоспаралаған істеріңіз бітпей жатса, қысқа демалыс алғаныңыз жөн болар. Жобаларға белсенді қатысу бұрыс есептерге әкеліп соғады. Сондықтан үзіліс жариялап, тынығып алғаныңыз дұрыс.

Шаян

Жұлдыздар осы айда шаяндарды жақсы қолдайды, барлық армандаған армандары жүзе асыралады дейді.
Шілденің басында шаяндарға істерін тезірек бітіруге романтикалық кездесулер мен сүйіктісі жайлы армандаған ойлары кедергі келтіруі мүмкін.
Айдың бірінші жартысында ақшаның бәрін гүлдер мен сыйлықтарға кетірген соң, ортасында екі есе жұмыс істеген абзал. Алайда қызметте тез өсемін, немесе тез арада табыс табамын деп кедергілерге ұрынып қалмаңыздар.
Айдың соңында қадамдарын аңдап басып жүрген шаяндар шілде айын жақсы аяқтайды, ал егерде алаңғасар болсаңыз басыңызға қиыншылықтар тілеп алуыңыз мүмкін.

Арыстан

Арыстандар үшін шілде айы қызыққа толы болмақ. Осы айда өзіңізді жабырқаулы сезінсеңіз, қорықпаңыз, сәттілік сізді алдыңғы кезеңдерде күтіп тұр.
Айдың басында материалдық тұрғысынан қиыншылық көрмейсіз. Қаржылық табыстарға қол жеткізесіз. Бір емес, бірнеше жерден кіріс болады. Әмияніңіз айтарлықтай ауырлайды.
Шілденің ортасында соңына жетпей қалған істеріңізді аяқтап, ескі қарыздардан құтылғаныңыз жөн. Егер отбасылық жағдайыңыз нашарлап жатса, тез арада қолға алып, өміріңізді қалыпқа келтіру қажет.
Айдың соңы ойыңызды сан-саққа бөліп, жеңілістер мен жеңіс, күмән мен батылдық қатар жүріп мазаңыз қашуы мүмкін. Сондықтан әр нәрсені ойланып іске асырғаныңыз дұрыс.

Бикеш

Әлеуметтік мәртебеңізге аса мән беріңіз. Бикештер қоғамда өз орындарын қалыптастырып, өзіне пайда әкелетін жаңа таныстар табады.
Айдың алғашқы күндерінен-ақ бикештердің қасынан сәттілік кетпейді, тек оны алақаныңыздың уысынан шығып кетпесін десеңіз қатты ұстап алу керек. Ал жеке өмірге байланысты жақсы жорамал жоқ әзірге, өзіңізге тең келмейтін адамды жолықтырып, қателесуіңіз мүмкін.
Шілденің ортасы қиынға соғуы мүмкін, бірақ сіз қажымай, ерте шешім қабылдауға асықпай, есіктің өзі ашылғанын күткеніңіз абзал.
Ал айдың соңында аздап босаңсуға рұқсат. Бәрін ақылға салып, өзіңізді ғана ойласаңыз дұрыс болады.

Таразы

Шілде айы таразыларға қызмет пен маххабат жолында сәтті болмақ. Сәттілікке сеніп, тек алға жүріңіз!
Жаздың екінші айын зерделі, саналы оймен қарсы алғаныңыз жөн. Осы айда ұрысқа әкеліп соққан қарым-қатынастар достықтарыңызға немесе келісімдерге нүкте қояры анық. Сондықтан әр сөзіңізге абай болып, істеген ісіңізге жауап беріңіз. Олай болмаған жағдайда, көптеген кедергілер тууы мүмкін.
Айдың ортасы бір қалыпта өтеді. Энергияңызды жинап, уақытты күтіңіз.
Таразыларға айдың соңында дұрыс бағытты таңдап, сол салада болашақ үшін жұмыс атқару керек.

Сарышаян

Сарышаяндарға жаздың екінші айы жаңа хобби тауып, жаңа таланттарын көрсетуге өте ыңғайлы кезең. Сіздің тұла бойыңызда қандай сырлар жатқанын кім білсін?!
Бұл айда уақытты текке тұрмайтын ұрыс, кикілжіңдерге кетірудің қажеті жоқ. Әсіресе, айдың басы мен ортасында басын ұрыстан аулақ ұстағаныңыз жөн.
Айдың екінші жартысы белсенді болмақ. Қызмет бабында жоғарылататын жұмысшылардың қатарында сіз де боласыз. Сондықтан жұмыс аса көңіл бөліп, белсенді түрде жұмыс атқарыңыз.
Бірақ айдың соңы сарышаяндар үшін қиыншылықтардан тұрады. Бұлар жай жұмыстағы кикілжің немесе отбасындағы мәселелер емес. Экстремалдық спорт түрінен алшақ жүріп және рөлде отырғанда абайлап жүргеніңіз жөн.

Мерген

Бір оқиға мергендердің өмірге деген көзқарастарын өзгертуі мүмкін. Ол келе жатқан дұрыс жолынан тайдыра ма, әлде олар үшін жаңа мүмкіншіліктерді аша ма, оны уақыт көрсетеді.
Астрологтардың айтуынша, осы айда жалғызбасты мергендер өз жұптарын табуы ықтимал. Айдың бірінші жартысында жолға шығуға кеңес берілмейді.
Айдың екінші жартысы барлық істерге қолайлы: саяхатқа да, махаббатқа да, жұмысқа да. Ең бастысы денсаулығыңыз кедергі жасамаса, сондықтан денсаулығыңызға аса көңіл бөлгеніңіз жөн.
Аталған айдың соңғы кезеңінде барлық жұмыстарыңызды ретке келтіріп, біліктілігіңізді арттыратын курстарға жазылыңыз. Бұл кез миыңызға ақпаратты қабылдауға қолайлы.

Тауешкі

Өзіңізден бөлек басқаларды да қамқорлығыңызға алыңыз. Жақсы қарым-қатынастар алдағы уақытта сізге қажет болады.
Шілде айында қызмет атқаруға деген талпыныс арта түседі. Алайда, қызмет бабын ойлап жүріп, денсаулық пен дұрыс ұйқыны ұмытпау қажет.
Айдың екінші жартысы – барлық мәселені өз қолыңызға алып, тағдырыңыздың иесі кім екенін көрсететін кезең.
Соңғы жартысы нақты және дұрыс шешімді талап етеді. Қиын таңдау жасайсыз, өзіңізге сенімді болыңыз.

Суқұйғыш

Жетістіккке жетер кілт белсенділік позициясына байланысты. Тәуекелге барған суқұйғыштар үлкен сәттілікке ие болуы мүмкін.
Айдың алғашқы жартысында қаражатты үнемдеп жұмсау керек. Алайда, соның бір бөлігін қайырымдылыққа кетіргеніңіз абзал болар.
Екінші кезеңі жаңа елеулі жобаларды бастауға ыңғайлы. Бірақ өзіңізге көмек берер, пікірлеріңіз бір жерден шығатын адамдар іздегеніңіз дұрыс. Әріптестер мен демеушілерді өз жағыңызға шақырыңыз.
Шілденің соңғы жартысы маңызды шешім қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін. Қасыңыздағы тәжірибесі мол адам болса кеңес сұрағаныңыз жөн, болмаған жағдайда шешім қабылдауға асықпаңыз.

Балықтар

Аталған ай сізге қиыншылықтар акелсе, мұңаймаңыз. Айдың басында үзіліп кеткен қарым-қатынастарды жаңартуға арнау керек. Бұл тынығып, өзіңізді қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Айдың ортасында бос уақыт болмайды: бір балықтарда маңызды жобалар басталса, екіншісінің отбасылық қарым-қатынастары жақсарады. Ал бас бос балықтардың жеке өмірінде өзгеріс болуы мүмкін. Тіпті, соңы үйлену тойына ұласуы мүмкін.
Егер де балықтар ай соңында демалысқа шығуды ұйғарса, жақындарымен кеңескені жөн.

 

Талқылау