2018 жылдан бастап Қазақстандағы балалар үйлері жабыла бастайды
2018 жылдан бастап Қазақстандағы балалар үйі өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған отбасылар мен балаларды қолдау орталығына айналмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Фото: Altaynews.kz
Орталықтардың балалар үйінен айырмашылығы сол – балаларды кәмелет жасына дейін ұстамайды, тек уақытша пана болып, отбасыларына кірігіп кеткенше көмек көрсетпек.
“Қолдау орталықтарында балалар белгілі бір уақыт ішінде ғана болады, яғни, өз отбасыларына қайтадан бейімделіп кеткенше. Балалар үйінің тәрбиеленушілері де онда болмайды. Оларды асырап алатын отбасылардың құжаттары рәсімделгенше ғана сол жерде болмақ”, – деп хабарлады ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетінің тқрағасы Ержан Ерсайынов.
“Қолдау орталығының көмегімен асырап алатын отбасын психологиялық тұрғыдан дайындау жұмыстары жүргізіледі. Бұған дейін көптеген отбасылар асырап алған балаларды қайта әкелген жағдайлар көп кездесті. Ата-аналар баланы тәрбиелеуге дайын болмай шықты”, – деп түсіндірді ол.
Комитет мәліметінше, асырап алған балалардың қайта кері әкелінгені 16 пайыз екен. Жалпы жыл сайын балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны 1000 балаға қысқарады.
“Егер былтырғы жылы 8 мыңнан астам баланы отбасылар асырап алса, биыл 7200. Бұл қазақстандық азаматтардың отбасыларына балаларды бейімдеу жұмыстарының нәтижесі”, – деді төраға.
Келесі жылы пилоттық режимде Астана мен Алматыдағы екі балалар үйінде отбасыларды қолдау орталықтары жұмысын бастайды.
“Келесі жылы біз ондай орталықтарды кең масштабта енгізуді көздеп отырмыз. Сол кезде Қазақстанда балалар үйі болмайтын болады”, – деді Ерсайынов.
Оқи отырыңыз:
Атырауда жаңа туған сәбиге Зинеден Зидан деген есім қойылды
Қазақстан азаматтығынан шыққандар тұрақты мекеніне кету үшін зейнетақы жинағын ала алмай жүр
Сағынтаев Сапарбаевты клондауды ұсынды
Шымкент балабақшасында ерсі би билегендердің басы дауға қалды
"Енді бұл жолға қайта түспеспін": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтып берді